Осы бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттардың тізбесі, өтініштерді қарау мерзімдері, сондай-ақ қызметтерді электрондық және қағаз түрінде алу тәсілдері туралы ақпарат орналастырылады.
Бөлімнің негізгі мақсаты – жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және сапасын қамтамасыз ету. Қызмет алушылар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен, азаматтарды қабылдау кестесімен, жауапты мамандардың байланыс деректерімен танысып, eGov.kz порталының электрондық сервистерін пайдалана алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және мемлекеттік органдардың халықпен және бизнес субъектілерімен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған.