Мемлекеттік гранттар мемлекеттік орган арқылы өңірлік үйлестірушілер (Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы) арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу конкурстарының нәтижелері бойынша беріледі. Гранттар мемлекеттік қолдау мен бизнесті дамыту бойынша «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында беріледі. Конкурсқа қатысушылар ретінде жаңа кәсіпкерлікті бастайтын, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан азаматтар қатыса алады, олар өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынуы тиіс. Конкурс жылына кемінде екі рет өткізіледі, егер бюджет қаражаты болса. Өтінімдер қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурс өткізу туралы хабарландыруды облыстық аймақтық баспа басылымында жариялайды. Бір кәсіпкерге арналған мемлекеттік гранттың мөлшері 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін болады.
Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Азаматтарды қабылдау орталығы
Өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылғаналаң ретінде жүзеге асырады.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруМақсатты әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады (төлем өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады), барлық отбасы мүшелері үшін, кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде (кедейлік шегі – 70% тұрмыс деңгейінің минимумынан, яғни 23 112 теңге);
Мақсатты әлеуметтік көмек алу құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтындар.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты 2025 жылдың 24 мамырынан бастап азаматтарды тіркеу және кезектен шығару функциясы «Отбасы Банк» АҚ құзыретіне электронды платформа: https://orken.otbasybank.kz/ берілді. Осы орайда ауданның ресми сайтында тұрғын үй кезегі бойынша мәтін жарияланбайды.