Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет

Ауданда  3 мәдениет үйі, 9 ауылдық клуб, 5 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Атап айтқанда: Мәдениет үйі - 2 (Үржар,Таскескен, Жоғарғы Егінсу). Ауылдық клубтар - 9 (Науалы, Ақжар, Көкөзек, Елтай, Көлденең, Қарақол, Сегізбай, Егінсу, Барқытбел). Кітапхана - 5 (Үржар, Таскескен, Науалы, Қарақол, Барқытбел).

Аудандағы барлық мәдениет қызметкерлерінің штаттық кестесі 141,5  бірлікті құрайды:

Мәдениет үйі бойынша – 127,5 бірлік

Кітапхана бойынша  -14 бірлік

Мәдениет саласы бойынша:

15 шығармашылық   ұжым мәдени қызмет көрсетті:

  1. «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрі
  2. «Барқытбел» «Халықтық» аспаптық   ансамблі
  3. «Дарабоз» этнотобы
  4. «Сонар» «Үлгілі» балалар ән-би ансамблі
  5. «Вдохновение» - би тобы
  6. «Керуен» «Халықтық» театры
  7. «Бота» қуыршақ театры
  8. «Қаракөз» әншілер тобы
  9. «Скиф» вокалды-аспаптық ансамблі
  10. «Адамант» орыс фольклор тобы
  11. «Дариға-дәурен» ардагерлер ансамблі
  12. "Ғұмыр" әншілер тобы
  13. "Тарғытай" тобы
  14. Сатмұхамбетовтар отбасылық ансамблі
  15. «Арда» тобы

 

Соның ішінде: "Халықтық" атағы бар 2  ұжым ("Керуен" театры, "Барқытбел" аспаптық ансамблі) және "Үлгілі" атағы бар 1 ұжым бар ("Сонар" балалар ән-би ансамблі).

Аудан бойынша барлығы  48  өнер ұжымы  мен үйірмелер ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді. Оның ішінде ауылдық клубтарда  33 өнер ұжымы мен үйірмелер бар.  Оның ішінде, аудан бойынша барлық мәдениет ошақтарында   балаларға арналған   20  өнер үйірмесі тұрақты жұмыс істеп,  347  бала қатысады.

2026 жылдың 7  айының қорытындысы бойынша 650 мәдени іс-шара өткізіліп, қамтылған көрермен саны -   32954 адамды құрады.

 Мәдени-көпшілік іс-шаралар.

2026 жылдың 7 айында ауданның мәдениет мекемелері мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, тарихи тұлғалардың мерейтойларына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ балалар мен жастардың шығармашылығын қолдауға бағытталған бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізді.

Өткізілген маңызды шаралардың қатарында «Қаракөз» әншілер ансамблінің 20 жылдық мерейтойы, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған аудандық оқулар мен әдеби-музыкалық кеш, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция, Чернобыль апатының 40 жылдығына арналған тағылымды кездесу, «Сонар» үлгілі ән-би ансамблінің 30 жылдық мерейтойы, "Ахау, Гүлдерайым" және «Қобыз құдіреті» шығармашылық кештері және Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған тарихи-танымдық кеш бар.

Балалар шығармашылығын қолдау мақсатында дәстүрлі «Жауқазын – 2026» өнер байқауы ұйымдастырылып, оған ауданның барлық мектептері мен өнер орталықтарынан 3000-ға жуық жас өнерпаз қатысты.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аудан көлемінде кең ауқымда аталып өтті. Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні және Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сала ардагерлері мен мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған республикалық деңгейдегі «Дәуірдің дарабоз жазушысы» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға еліміздің белгілі ғалымдары, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, жазушы мұрасы кеңінен талқыланды.

Жоғарғы Егінсу ауылында жаңа мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті. Заманауи талаптарға сай салынған 100 орындық мәдениет үйі кітапхана, би залы, үйірме бөлмелері және дыбыс жазу студиясымен жабдықталған. Ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Бұл нысан ауданның мәдени инфрақұрылымын дамытудағы маңызды жетістік болып табылады.

 

Жетістіктер:

  1. Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған «Абай елі – өнер кеніші» облыстық көркемөнерпаздар байқауында Үржар ауданы І орын иеленіп, «Газель» шағын автобусының сертификатын жеңіп алды.
  2. Абай облысы әкімінің «Руханият - 2026» сыйлығының «Үздік халықтық шығармашылық ұжым» номинациясы бойынша аудандық мәдениет үйінің «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрі жеңімпаз атанды.

 

Кітапхана саласы бойынша

Ауданда 5 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Атап айтқанда: Үржар аудандық орталық кітапханасы, Таскескен, Науалы, Қарақол және Барқытбел ауылдық кітапханалары. Кітапхана саласында 15 қызметкер жұмыс атқарады.

Кітап қоры- 59 888. Қазақ тілінде кітап қоры- 35 724. Оқырмандар саны- 4499. Келушілер саны- 38 209. Кітап берілімі- 66 298. Барлық ауылдық Бекітілген жоспарға сәйкес кітапхана саласы бойынша республикалық «Бір ел- бір кітап», «Әдеби өлкетану», «Нағыз оқитын кез...» акциялары аясында, әр түрлі тақырыптарда оқырмандар коференциясы, дөңгелек үстелдер, тақырыптық, әдеби, портреттік кештер, поэзия сағаттары, мәнерлеп, дауыстап оқулар, танымдық, тәрбие, дәріс сағаттары, флеш-мобтар, пікірталас және айтулы даталар мен мерейтойларға, жергілікті ақын- жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолына байланысты мәдени- көпшілік іс- шаралар өткізілді. Атап айтсақ: биылғы жылғы атаулы даталарға байланысты мәдениет саласы бойынша қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Дәуірдің дарабоз жазушысы» тақырыбында ғылыми- практикалық конференция өткізілді. Сонымен қатар, Қасым ханның- 515 ж, Абылай ханның- 315 ж., Исатай мен Махамбеттің-190 ж., Ы.Алтынсариннің- 185 ж., Жамбыл Жабаевтың- 180 ж., Дина Нүрпейісованың- 165 ж., Ақылбай Абайұлының- 165 ж., Ә.Бөкейхановтың- 160 ж., Қажымұқан Мұңайтпасұлының- 155 ж., Ғабиден Мұстафиннің- 125 ж., Қасым Аманжоловтың- 115 ж., Қ.Мұхамедхановтың- 110 ж., Е.Серкебаевтің- 100 жылдық мерейтойларына арналған іс- шаралар және ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Тәуелсіздік дәуірі» атты әдеби-музыкалық керуен бастау алды. Аталған керуеннің нәтижесі «16 желтоқсан- ҚР Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай қорытындысы шығарылып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған ауылдық кітапхана марапатталады. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін «Жусанды дала жыршысы» Жабайыл Бейсеновтың шығармашылығы бойынша «Жабайыл оқулары» ұйымдастырылды. Көрермен назарына жазушының бай шығармашылығына арналған, заманауи QR-кодтармен жабдықталған арнайы кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

Барлық өткен мәдени іс- шаралар аудандық орталық кітапхана саласының әлеуметтік желілерінде жарияланды. 

Кітапханалар жанынан жұмыс істейтін 6 үйірмеге 52 бала қатысады. Үйірмелердің қызметі оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және ұлттық қолөнерді насихаттауға бағытталған.

 

Ономастика саласы:

10.12.2025 жылғы Абай облысының ономастика комиссиясының қорытындысы бойынша  2025 жылы атауын өзгертуге жоспарланған Үржар ауылдық округі Үржар ауылының «Северная» көшесінің «Мұхтархан Мұқажанов» көшесі, Қарақол ауылдық округі Қарақол ауылының «2 шағын ауданы» көшесін «Нұрсейіт Көшкінбаев» көшесі, «4 шағын ауданы» көшесін «Кәрімтай Атанчинов» көшесі деп атау туралы ұсынысына оң қорытынды берілді.

         Осыған байланысты, Абай облысының ономастика комиссиясының қорытындысын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес тиісті ұйымдастырушылық және құқықтық шаралары орындалды. Қазіргі уақытта аталған көшелердің жаңа атаулары көрсетілген аншлагтар демеушілік қаражат есебінен дайындалу үстінде.

 

Көрнекі ақпарат бойынша:

2026 жылғы 6 сәуір 6 мамыр,  3 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында аудан бойынша "Көркем тіл-көрікті өңір" айлығы ұйымдастырылды. Айлық аясында 6 рет өңірдегі 70-ке жуық бизнес субъектілері, Қазпошта, Қазтелеком, ХҚКО және т.б. нысандардың көрнекі ақпарат пен жарнама тілінде, ас мәзірінде Тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіліп, әдістемелік  материалдар таратылды.

 

Тіл бойынша ақпарат:

Ақпан айында қазақ поэзиясының асқақ шыңы, ұлттың жүрек үніне айналған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Үржар аудандық мәдениет үйінде «Есіңе мені алғайсың» атты тағылымы терең шығармашылық кеші, 3 маусым күні Үржар аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Дәуірдің дарабоз жазушысы» атты ғылыми-практикалық конференциясы, 28 шілде күні Үржар аудандық орталық кітапханасында  «Ақын жыры – халық үні» тақырыбында ақын Ержан Жұмабекпен онлайн кездесу, 9 тамыздаТаскескен ауылдық кітапханасында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған "Өлең сөздің патшасы" атты танымдық шарасы, 10 тамыз күні Абай күні мерекесіне орай Үржар ауылында тағзым шарасы мен әдеби- музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Документы
Ақпарат
11 сентября 2026
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы есебі
Басқа
13 июля 2026
Үржар ауданының мәдениет саласы бойынша ақпарат
Кесте
06 января 2025
"Абай облысы Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Андасованың азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Новости
Полезные материалы
Мәдениет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы