Ресей Федерациясы, Беларусь және Қырғызстан азаматтары азаматтықты жеңілдетілген тәртіпте ала алады.
Жоғарыда аталған елдердің әрқайсысы басқа елдің аумағына тұруға келетін өз азаматтарына мынадай шарттардың бірі болған жағдайда азаматтықты алудың жеңілдетілген (тіркеу тәртібін) тәртібін ұсынуға міндеттенеді:
Жеңілдетілген тәртіп Қазақстан аумағында тұру мерзіміне қарамастан аталған мемлекеттердің азаматтарына қолданылады.
Аталған мемлекеттердің азаматтары төмендегі құжаттарды қоса бере отырып тұрғылықты жері бойынша қалалық (аудандық) ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімшесіне өтінішпен жүгінеді:
Қажет болған жағдайда азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдау үшін қажетті шарттардың бірінің бар екенін растайтын құжат қосымша ұсынылады.
Қазақстан Республикасының аумағында туғанын растайтын туу туралы куәліктің, паспорттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі, алынатын азаматтық тарапының аумағында 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейін тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар паспорт бетінің көшірмесі немесе бұл туралы құзыретті органның анықтамасы, неке қию туралы куәліктің, туу туралы куәліктің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасы азаматымен туыстық байланысты растайтын өзге де құжат ұсынылады.
Өтінішхатты қараудың жалпы мерзімі 3 айды құрайды.