Қазақстанның ЖОО-да оқитын этникалық қазақтар азаматтықты жеңілдетілген тәртіпте алады.
Олар төмендегі құжаттарды қоса бере отырып тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімшесіне арыз-өтінішхатын ұсынады:
- Бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш;
- Бекітілген нысандағы сауалнама-өтініш.
- Өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет
- Қазақстан Республикасының «Азаматтығы туралы» Заңның 1 бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
- Өмірбаян;
- Жеке басын куәландыратын және адамның басқа елдің азаматтығына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
- мемлекеттік бажды төлеу немесе оны төлеуден босату туралы құжат;
- Ұлтын растайтындығы туралы анықтама;
- Оқу фактісін растайтын ЖОО - дан анықтама.
Өтінішті қараудың жалпы мерзімі 3 айды құрайды.