Азаматтықты алудың жалпыға белгіленген тәртібі

Инструкция

Жалпыға белгіленген тәртіпте азаматтықты осы материалдың бірінші қадамында атап өтілген жеңілдетілген тәртіп бойынша азаматтықты алу шарттарына келетін шетелдіктер алады.

Жалпыға белгіленген тәртіпке сәйкес шетелдіктер өзінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне арзы-өтінішхатымен жүгінеді. Арыз-өтінішхат Қазақстан Республикасы Президентінің атына тапсырылады және оған төмендегі құжаттар қоса беріледі:

  • сауалнама-өтініш белгіленген нысанда;
  • өмірбаян;
  • 3,5 х 4,5 см. мөлшеріндегі төрт фотосурет;
  • Қазақстан Республикасының «Азаматтығы туралы» Заңның 1 бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
  • жеке басын куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың, азаматтағы жоқ адамның куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығы төлемін растайтын немесе ол төлемнен босатылғаны туралы құжат;
  • Басқа мемлекеттің құзырлы органымен берілген бұрынғы азаматтығының болмауы немесе тоқталуы туралы анықтама.

Арызды қараудың тәртібі

Ішкі істер органдарында жиналған құжаттар бойынша қорытынды шығарылады және Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік-құқық бөліміне жіберіледі.

Өтінішхатты қараудың жалпы мерзімі 6 айды құрайды.

Кәмелетке толмағандардан және қабілетсіз деп танылған адамдардан өтінішхаттарды тапсыру

18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты нотариат куәландырылған куәлік олардың заңды өкілдерімен (ата-аналарымен, бала асырап алушылармен, қамқоршылармен) азаматтыққа қабылдау туралы өтінішхат тапсырылады. Өтінішхатқа баланың туу туралы куәлігінің, қабілетсіздікті растайтын құжаттың және қабілетсіздің заңды өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. 14 пен 18 жас аралығындағы бала үшін оның өзі қолы қойылған және нотариалды куәландырылған жеке келісім талап етіледі.

Шетелдіктерге оң шешім нәтижесінде, яғни Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған жағдайда анықтама беріледі, оларға Қазақстан Республикасы азаматтының жеке куәлігін немесе паспортын беру үшін негіз болып табылады.

Аталған құжаттардан басқа:

  •       Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдарға арналған кәсіптер мен талаптар тізбесінің талаптарына жауап беретін адамдар - бейінді мемлекеттік органның қолдаухаты;
  •       Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат берген адам Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған өтінішхатты (өтінішті) берген сәтте неке қию туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
  •       Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының бірі - Қазақстан Республикасының азаматтары бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.
Дата обновления - 04.08.2023
Справочная информация
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мәселері бойынша өтінішхаттарды (арыздарды) ішкі істер органдарымен қабылдау, ресімдеу және қарау ережесіҚазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы
8619