Қуғын-сүргін құрбандары және олардың ұрпақтары азаматтықты қалай ала алады

Инструкция

Қуғын-сүргін құрбандары және олардың ұрпақтары азаматтықты жеңілдетілген тәртіпте алады.

Олар төмендегі құжаттарды қоса бере отырып тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімшесіне арыз-өтінішхатты ұсынуы қажет:

  1. Бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш;
  2. Бекітілген нысандағы сауалнама-өтініш.
  3. Өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет
  4. Қазақстан Республикасының «Азаматтығы туралы» Заңның 1 бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
  5. Өмірбаян;
  6. Жеке басын куәландыратын және адамның басқа елдің азаматтығына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
  7. мемлекеттік бажды төлеу немесе оны төлеуден босату туралы құжат;
  8. оңалту туралы сот шешімі немесе саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары екенін растайтын құжаттар.

Өтінішті қараудың жалпы мерзімі 3 айды құрайды.

Дата обновления - 04.08.2023
Справочная информация
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мәселері бойынша өтінішхаттарды (арыздарды) ішкі істер органдарымен қабылдау, ресімдеу және қарау ережесі"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заң
1014