Қазақстанның азаматымен некеде тұрған шетелдік азаматша азаматтықты қалай ала алады

Инструкция

Қазақстанда заңды негізде тұрақты тұратын және Қазақстанның азаматымен некеде тұрған шетелдік азаматша азаматтықты жеңілдетілген тәртіпте алады.

Ол үшін төмендегі құжаттарды қоса бере отырып тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімшесіне арыз-өтінішхатты ұсынуы қажет:

  1. бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш;
  2. бекітілген нысандағы сауалнама-өтініш.
  3. Өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет.
  4. Қазақстан Республикасының «Азаматтығы туралы» Заңның 1 бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме.
  5. шет мемлекеттің азаматтығына жататындығын растайтын паспорттың көшірмесі.
  6. неке қию туралы куәліктің көшірмесі.
  7. Қазақстан Республикасының азаматының – жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі.
  8. 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығы төлемі туралы құжат;

Өтінішті қараудың жалпы мерзімі 3 айды құрайды.

Дата обновления - 04.08.2023
Справочная информация
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мәселері бойынша өтінішхаттарды (арыздарды) ішкі істер органдарымен қабылдау, ресімдеу және қарау ережесіҚазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы
4171