Магистратураға оқуға қалай түсуге болады

Жүктеу

Кіріспе

Магистратура — кәсіби білімді тереңдетуге, зерттеушілік және басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі.

Қазақстанда магистратурада оқу ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Магистратураға түсу үшін жоғары білімнің болуы және таңдалған білім беру бағдарламасының талаптарын орындау қажет. Әдетте, оқуға түсушілер кешенді тестілеуден (КТ) өтеді, ал жекелеген санаттар үшін арнайы түсу емтихандары немесе оқуға қабылдаудың өзге де шарттары көзделген.

Бұл материалда КТ-ға қалай тіркелуге болатыны, қандай емтихандар тапсыру қажет екені, білім беру гранттары конкурсына қалай қатысуға болатыны және нәтижелерді қайдан тексеруге болатыны туралы баяндаймыз.

  1. Кіріспе