КТ өткізу кезіндегі ерекшеліктер

Инструкция

Тестілеуге кіру кезінде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте, оқуға түсушінің жеке басы жеке басын куәландыратын құжат негізінде анықталады, содан кейін рұқсатнама мен оның түбіртегі тексеріледі.

Бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаты немесе төлқұжаты бар және автоматтандырылған жүйеге онлайн тіркеу арқылы өтініш берген оқуға түсушілер адамның бет-әлпетінің көлемдік-кеңістіктік формасын сканерлеу арқылы сәйкестендіріледі.

КТ кезінде ұялы және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алатын құрылғылар қолданылады.

Мүгедектігі туралы құжатты ұсыну бойынша мүгедектерге, оның ішінде көру қабілеті бұзылған мүгедектерге, тірек-қимыл аппараты функциясына және (немесе) мүгедектерге ымдау тілінде сөйлейтін маманға арналған КТ шеңберінде оқытылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын адамдардан көмекшілер ұсынылады.

КТ өткізу кезеңінде рұқсатнамада көрсетілген күні дәлелді себептермен КТ-ға қатыспаған адамға  келесі күндердің біріне қатысу мүмкіндігі беріледі:

  • денсаулығына байланысты, № 026 у нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар болса;
  • жақын туыстарының қайтыс болғандығын растайтын құжаттар болған кезде;
  • төтенше жағдайларда.

Ағымдағы жылдың 23 тамызына дейін КТ аяқталғаннан кейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК тестілеудің бейнебақылау жазбаларына шолу жасайды.

Оқуға түсуші  КТ кезінде тыйым салынған заттардың бірін қолданғаны анықталған жағдайда тестілеу нәтижелері (КТ баллдары) жойылады.

КТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда, оқуға түсуші апелляциялық комиссия төрағасының атына өтініш береді. Оқуға түсушіде  жеке басын куәландыратын құжат және КТ-ға жолдамасы болуы тиіс.

Апелляцияға өтініштер КТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін қабылданады және оларды апелляциялық (республикалық апелляциялық комиссия) комиссия бір күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Егер өтініш беруші апелляциялық комиссияның отырысына келмесе, оның апелляциялық өтініші қаралмайды.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

КТ нәтижелері және электрондық сертификат «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК сайтында жарияланады.

ТАӘА-ны (бар болса) ақпараттық жүйедегі электрондық сертификатта толтыру жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес жүргізіледі.

Электрондық сертификатта «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК-ның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған әр блок бойынша алынған КТ балдары туралы деректер қамтылады.

Дата обновления - 21.12.2021
Справочная информация
1330