Қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі және КТ мерзімі

Инструкция

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (ЖЖОКБҰ) магистратурасына түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және (немесе) Ұлттық тестілеу орталығының (app.testcenter.kz) сайты арқылы келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 8 шілдеге дейін;

2) күнтізбелік жылғы 28 қазаннан 10 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

Магистратураға түсушілер үшін араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 16 шілдеден 25 шілдеге дейін;

2) күнтізбелік жылғы 21 қарашадан 28 қарашаға дейін өткізіледі.

КТ келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейін;

2) күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.

Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.

Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;

2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

IELTS (International English Language Tests System), TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang), TestDaF-Prufung, TFI (Test de Franзais International), Diplome d’Etudes en Langue franзaise, DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais) шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары және стандартталған GRE (Graduate Record Examinations) тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға КТ-ға электронды форматта және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізу қажет.

      Жоғарыда көрсетілген сертификаттардың балдарын аудару республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш бергеннен кейін немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде жүзеге асырылады.

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен және шет тілі бөлімінен босатылады.

Кешенді тестілеу астанада, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан кешенді тестілеу өткізу пункттерінде (КТӨП) өткізіледі.

Кешенді тестілеуді өткізу үшін жергілікті жерлерде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссиялар құрылады. Өңірлік мемлекеттік комиссияның құрамына құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Өңірлік мемлекеттік комиссия кешенді тестілеуді өткізу кезінде тестілеуге іске қосу кезінде және тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді, кешенді тестілеуді өткізу кезінде медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастырады, кешенді тестілеу шеңберінде мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде көру қабілеті  бұзылған мүгедектігі бар адамдар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін тапсырылатын пәндер оқытушылары  болып табылмайтын адамдар қатарындағы көмекшінің және (немесе) мүгедектікті белгілеу туралы құжатты көрсеткен кезде есту қабілеті  бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін меңгерген маманның ұсынылуын ұйымдастырады, тестілеу кезінде шкафтарда (ұяшықтарда) түсушілердің жеке заттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, өңірлік мемлекеттік комиссияның төрағасы мен мүшелері тестілеу процесіне қатыспайды.

Кешенді тестілеуді өткізуді бақылауды жүзеге асыру үшін «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК (Орталық) тестілеу әкімшілері, жіберіледі.

 

Дата обновления - 12.05.2026
Справочная информация
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы (5-баптың 12) тармақшасы);ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу ережелері;«Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК.
26016