КТ кезінде тыйым салыну

Инструкция

КТ жүргізілген кезде талапкерге:

  • дәліз бойынша кезекшінің функциясын орындайтын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және сүйемелдеуісіз аудиториядан шығуға;
  • әңгімелесуге;
  • бір орыннан екінші орынға ауысуға;
  • тестілік материалдармен алмасуға;
  • тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;
  • оқулықтар мен әдістемелік әдебиетті, калькуляторды, фотоаппаратты, ақпарат тасымалдау функциялары бар (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)) кез келген мобильді байланыс құралдарын, ноутбуктарды, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), кез келген радиоэлектрондық байланыс түрлерін ( Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққаптар және т.б.), шпаргалкаларды ғимарат пен аудиторияға кіргізу мен пайдалануға;
  • сынақ материалдарын (жауап парақтары мен кітаптарды) ұсақтау, түзету сұйықтығын қолдану, парақтарды жырту арқылы бүлдіруге;
  • ол үшін қарастырылмаған секторларды толтыруға (жауап парағының нөмірі) тыйым салынады.
Справочная информация
1960