КТ-ға қатысу үшін өтініш беру алгоритмі

Инструкция

Магистратураға қабылдауға арналған КТ-ға қатысуға өтініш бермей тұрып, білім беру бағдарламалары топтарының Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бойынша сәйкестігі туралы ақпарат алу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына жүгіну қажет.

ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы жүзеге асырады:

1) түсуге ниет білдірушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтарын таңдау мәселелері бойынша кеңес беруді;

2) кешенді тестілеу және (немесе) қабылдау (шығармашылық) емтиханы рәсімімен таныстыруды;

3) араб тілі бойынша қабылдау емтиханын және (немесе) білім беру бағдарламалары топтары бойынша шығармашылық емтиханды ұйымдастыруды.

 КТ қатысу үшін түсуші Орталықтың https://app.testcenter.kz/ сайты арқылы онлайн түрде өтініш береді:

Өтініш беру үшін түсушіге:

  1. «https://app.testcenter.kz/ сайтына немесе UTO.KZ қосымшасына (App Store немесе Play Market арқылы) өту және интерфейс тілін таңдау.
  2. Өзінің электрондық почтасын көрсете отырып тіркеуден өту (Орталықтан алынған хатта электрондық почтаны растау міндетті) (Ескертпе: егер түсуші бұрын Орталықтың осы сайтында тіркелген болса, онда өзінің «Жеке кабинеті» арқылы өтініш бере алады. Ол үшін «Кіру» батырмасын басып, логин мен парольді енгізу қажет).
  3. Өтініш беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль бар хатты ағымдағы жылдың соңына дейін өшіруге болмайды).
  4. ЖСН көрсету, іздеу батырмасын басу (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде көрсетіледі), байланыс телефон нөмірін көрсету (міндетті).
  5. «Өтініш беру» бөліміне өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді» таңдау.
  6. «Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу» қажетті тестілеу түрін таңдау.
  7. Тестілеу санатын таңдау (Магистратураға түсу үшін КТ/ Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға КТ/ Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға КТ/ Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға КТ).
  8. Магистратураның дайындық бағытын таңдау (ғылыми-педагогикалық/ бейінді).
  9. Mагистратураның білім саласын таңдау.
  10. Білім беру бағдарламалары тобының коды мен атауын таңдау.
  11. Тестілеуді тапсыру тілін таңдау.
  12. Ашылмалы тізімнен шет тілін тапсыру тілін таңдау (егер таңдалған дайындық бағыты «ғылыми-педагогикалық» болса).
  13. Тестілеу қаласын таңдау.
  14. Мүгедектігі бар тұлғалар мүгедектігі туралы мәліметтерді (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) толтыру (ескертпе: «медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген, ерекше статусын растайтын құжаттарды тіркейді).
  15. КТ өткізу қағидаларымен мұқият танысып, келісетінін растау.
  16. Офертамен танысып, келісетінін растау.
  17. Тестілеу үшін қалаған төлем әдісін таңдап, төлем жасау. Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі жолдармен жүзеге асыруға болады.

- онлайн режимінде банктік картамен төлеу арқылы (банктік картамен төлеуді таңдаған кезде бағдарлама автоматты түрде төлем сайтына бағытталады);

- онлайн төлем арқылы Kaspi.kz (төлемді таңдағанда Kaspi.kz тапсырыс нөмірін қалыптастыру және QR коды немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу қажет). Ескертпе: төлем өтінім қалыптастырылғаннан кейін 1 сағат (60 минут) ішінде жүргізілуі тиіс, төлем белгіленген уақытта болмаған жағдайда өтініш жойылады;

Төлем жасалғаннан кейін «Менің іс-әрекетім» бөлімінде, қажет болған жағдайда түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласын, білім беру бағдарламалары тобын, тестілеуді тапсыру тілін ауыстыру) өзгерістер енгізу немесе өтініштерді қабылдау базасы жабылғанға дейін өтінішті жою мүмкіндігі беріледі.

Өтініш тіркелгеннен кейін тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады. Тестілеу туралы ақпаратпен танысуға түсушінің өзі жауапты болады.

Барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

КТ-ға қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.

Берілген өтінішті өзгерту алгоритмі

Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласын, білім беру бағдарламаларының тобын) өтініш қабылдау аяқталғанға дейін (8 шілдеге, 10 қарашаға дейін) түсушіге өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы өзгертілмейді.

Өтінішке өзгеріс енгізу үшін:

  1. Жеке кабинеткекіру;
  2. «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту;
  3. Өтініншті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу;
  4. Өзгерістер енгізу;
  5. Түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

 

Дата обновления - 12.05.2026
Справочная информация
Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы
20756