КТ өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және түсушілердің даулы мәселелерін шешу мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия құрылады. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы ҚР ҒЖБМ бұйрығымен бекітіледі.
Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша апелляцияға түскен өтініштерді Республикалық апелляциялық комиссия тестілеу өткізілген күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.
Техникалық себептер бойынша апелляция тест тапсырмаларының (мәтін, схемалар, суреттер, кестелер) шарттарының үзіндісі жоқ, нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін емес болған жағдайда қарастырылады.
Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш тестілеу барысында түсушімен беріледі. Тестілеу кезеңінің барлық уақытында монитор экранында «Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш беру» батырмасы көрсетіліп тұрады, оны басқан кезде тапсырманың скриншоты автоматты түрде апелляция қарауына сарапшыларға жіберіледі.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойыншаапелляция мынадай жағдайларда қаралады:
Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.
Дәлелді негіздеме (толық түсініктеме, тапсырмаларды қадамдық шешу) көрсетілмеген барлық тест тапсырмаларын қайта қарау жөніндегі апелляцияға өтініш қарауға жатпайды.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияны түсуші тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді.
Апелляцияға берілген өтініште көрсетілген нақты деректер қарауға жатады.
Онлайн апелляция нәтижелері Республикалық апелляциялық комиссия қарастырғаннан кейін түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.