Кешенді тестілеуді өткізу тәртібі

Инструкция

Тестілеуге түсушілер бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте кіргізу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың немесе төлқұжат негізінде тұлғаның жеке басы бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіру жүргізіледі.

 

Кешенді тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау қағидалары

Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа келесі тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, сөздік, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, А0-А10 форматтағы қағаздар, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттар, фитнес-браслеттер (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект).

Тестілеуге бөгде тұлғаны тартуға тыйым салынады. Бөгде тұлғаны тартқан түсушілер тестілеуге жіберілмейді, сондай-ақ ағымдағы жылы қайта тестілеуге қатысуға жіберілмейді.

Кешенді тестілеуді өткізу кезінде түсушіге рұқсат етілмейді:

1) дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісіның рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз аудиториядан (компьютерлік кластан) шығуға;

2) сөйлесуге, орнынан орынға ауысуға;

3) аудиториядан 2 реттен артық және 10 минуттан артық уақытқа шығуға;

Бұл ретте төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;

4) құжаттармен және түсушіге тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазбен алмасуға;

5) құжаттарды және тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік класстан) шығаруға, сондай-ақ оларды жырту, бүктеу арқылы бүлдіруге;

6) тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;

7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, сөздікті, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, А0-А10 форматтағы қағаздарды, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттарды, фитнес-браслет (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптарды, микроқұлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;

8) тестілеу басталар алдында немесе барысында шулауға;

9) тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға, жария етуге және шығаруға;

10) тестілеуде пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

11) тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасауға 

 Бұл ретте, тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда және аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы               8 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларының бұзылуы анықталған жағдайда, тестілеу әкімшісі тиісті акт жасайды, түсушіні тестілеуден шығарады және тестілеу нәтижелерін жояды.

Дата обновления - 12.05.2026
Справочная информация
18937