ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалына (ХҚКО) келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюға өтініш;
2) азаматтың жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін), көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі), не нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек
(0,5 АЕК);
4) апостиль мөртаңбасын қою қажет ҚР ҚМ Орталық мұрағаты берген мұрағаттық анықтама және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелері.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
ХҚКО өтініш бергеннен кейін апостиль қойылған құжатты 15 жұмыс күні ішінде аласыз.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан және оның аумақтық бөлімшелерінен келіп түсетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою үшін мына мекенжайға хабарласу қажет:
Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:
Өтінішті бергеннен кейін 8 жұмыс күні ішінде апостиль қойылған құжатты аласыз.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 622-бабының 2) тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалардың санаттары бойынша мәліметтер».