Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО) келіп, өзімен бірге келесі құжаттар болу керек:
ХҚКО-ға өтінім берілгеннен кейін апостиль қойылған құжатты сіз 5 жұмыс күні ішінде аласыз.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы бір өтініш (композиттік қызмет) негізінде апостильдеуге болады, ол үшін:
Апостильмен соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама Гаага Конвенциясына қатысушы елдерге ғана көрсету үшін беріледі.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы апостиль қойылған анықтаманы сіз мекен-жайы порталда таңдалған ХҚКО-да 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Алайда, қосымша мәліметтерді тексеру қажет болған жағдайда, бұл мерзім 20 жұмыс күніне дейін (Сізге аралық жауап жіберіледі) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті алуы.
Сондай-ақ, «бір өтініш» қағидаты бойынша мұрағаттық анықтамаға апостиль қоюға болады («Комитеттің және оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметі. Апостиль койылған мұрағттық анықтама порталда таңдалған мекенжайы бойынша ХҚКО-да 8 жұмыс күні ішінде беріледі.