Мемлекеттік мұрағаттардан анықтамаларды қалай апостильдеуге болады

Инструкция

Мұрағаттық анықтамалар, құжаттар, үзінділер және олардың көшірмелерін апостильдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалына келу немесе онлайн-қызмет арқылы өтінім беру қажет.

{"id":16921,"source_id":3010,"title":"Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою","service_code":"P62.08","service_link":"https://egov.kz/services/P62.08/"}

Онлайн-өтінім берген кезде сіз оған құжаттың скан-көшірмесін қоса беріп, сол жерде 0,5 АЕК мемлекеттік баж салығын төлеуге және өзіңіздің ЭЦҚ-мен өтінімге қол қоюға тиістісіз, содан кейін сіз өтінімді өңдеу туралы хабарлама аласыз.

Хабарламада белгіленген күні ХҚКО-ға бару керек, өзіңізбен бірге келесі құжаттар болу керек:

  • жеке куәлік;
  • апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.

ХҚКО-да апостильдеуге өтінім берген кезде өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:

  • жеке куәлік (жеке тұлға үшін) немесе құрылтай құжатының көшірмесі (заңды тұлға үшін);
  • мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (0,5 АЕК);
  • апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.

ХҚКО-ға өтінім берілгеннен кейін апостиль қойылған құжатты сіз 10 жұмыс күні ішінде аласыз.

Дата обновления - 30.11.2023
Справочная информация
348