Әділет органдарынан алынған құжаттары (неке туралы куәлік, туу және т.б.) қалай апостильдеуге болады?

Инструкция

Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарды, мысалы, туу, неке, некені бұзу туралы куәлікті, нотариустар куәландырған анықтамаларды немесе құжаттардың көшірмелерін, аудармаларын және т.б. жатқызуға болады.

Оларды апостильдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалына келу немесе онлайн-қызмет арқылы өтінім беру қажет.

{"id":7287,"source_id":3154,"title":"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою","service_code":"P2.17","service_link":"https://egov.kz/wps/myportal/P2.17"}

Онлайн-өтінім берген кезде сіз оған құжаттың скан-көшірмесін қоса беріп, сол жерде 0,5 АЕК мемлекеттік баж салығын төлеуге және өзіңіздің ЭЦҚ-мен өтінімге қол қоюға тиістісіз, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде сіз өтінімді өңдеу туралы хабарлама аласыз.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі сканерленген құжат және апостиль электрондық мөртабаны болып табылады.

Қызметті "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетінде, электрондық мекенжайдан (өтініш беруші көрсеткен) немесе "eGov mobile" мобильді қосымшасынан тексеруге болады.

Электрондық апостиль мөртабанының астында мемлекеттік органның электрондық парағының мекенжайына сілтеме көрсетіледі. Электрондық қызметті "электрондық үкімет" порталында "Электрондық регистрдегі апостиль мөртабанын тексеру" қойындысында да тексеруге болады.

Шет мемлекеттің уәкілетті органы электрондық мөртаңбасы бар электрондық құжатты апостиль сілтеме бойынша өту арқылы тексере алады "Электрондық тіркелімде апостиль мөртабанын тексеру".

ХҚКО-да апостильдеуге өтінім берген кезде өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:

  • жеке куәлік;
  • мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (0,5 АЕК);
  • апостильделетін құжаттың түпнұсқасы;
  • нотариалды куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда);
  • басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолының және мөр бедерінің үлгісі.

Апостиль қойылған құжатты сіз 2 жұмыс күні ішінде аласыз.

Дата обновления - 24.07.2026
Справочная информация
5970