Жиі қойылатын сұрақтар
«Өткен» мәртебесін алған күннен бастап 3 айдан кейін.
Жеке қасиеттерді бағалау тестілеу шекті мәндерінен жоғары нәтиже алған және өз нәтижесін жақсартқысы келетін кандидаттар «Өткен» мәртебесі бар қорытынды алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қайта тестілеуден өтуге құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысу кезінде ең жоғары қорытынды балл алған тестілеу нәтижесі ескеріледі.
Күнтізбелік ай ішінде 3 реттен артық емес.
Кандидаттар жеке қасиеттерді бағалау тестілеуін күнтізбелік ай ішінде үш реттен артық емес «Өткен» мәртебесі бар қорытынды алғанға дейін тапсыра алады.
Жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ТОП-5 кандидат жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған ТОП-5 кандидат жіберіледі. Балдары тең болған жағдайда жеке қасиеттерді бағалау бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттар санын белгіленген шектен асыруға жол беріледі.
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметтік әдепті бұзу тәртіптік жауаптылыққа, оның ішінде мемлекеттік лауазымынан шығаруға дейін әкелуі мүмкін.
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік талаптарын қояды.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 1- бабының 4-1) тармақшасына сәйкес қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет ұғымы – үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет деп анықталады.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 4- бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары: 1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету тәртібін айқындайтын және көрсетілетін қызметті беруші бекіткен қағидаларға сәйкес әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға;
3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
3-1) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;
4-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "бір өтініш" қағидаты бойынша алуға;
5) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауларға қатысуға;
6) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;
7) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалануға құқығы бар.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 29-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторингті жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бетінше және өз есебінен жүргізеді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерімен тексеру нысанында жүргізіледі.
Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.