Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Азаматтарды қабылдау орталығы
Өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылғаналаң ретінде жүзеге асырады.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруӘңгімелесу қорытындыларын Сіз әңгімелесу өткізілген мемлекеттік органның ресми сайтынан қарай аласыз ("құжаттар" бөлімі https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/1?lang=ru ).
Заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Кандидат Агенттіктің өзіне ыңғайлы кез келген аумақтық бөлімшесінде заңнаманы білуіне тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге құқылы.
Тестілеуге жазылу "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгіну арқылы жүргізіледі. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет.
Мемлекеттік қызметке онлайн тестілеуді тапсыру рәсімі қарастырылмаған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Бұдан басқа, көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы. Уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымданудың тағы бір тәсілі заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну болып табылады.