Жиі қойылатын сұрақтар
Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, егер «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымы үш айдан астам уақыт бос және (немесе) уақытша бос болып қалса, аталған лауазымға орналасуға конкурс мемлекеттік цифрлық кадр жүйесі арқылы автоматты түрде жарияланады.
Жүйедегі түйіндемеде көрсетілген мәліметтерді қайта тексеріп, қажет болған жағдайда түзету қажет.
Жүйе конкурсты жариялаған мемлекеттік органның кадр қызметіне өтінім түскенге дейін кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін бастапқы автоматтандырылған тексеруді жүзеге асырады. Тексеру Сіз жүйедегі түйіндемеде көрсеткен өзекті мәліметтер негізінде жүргізіледі. Осыған байланысты білім, жұмыс өтілі және біліктілік талаптарына сәйкестікке әсер ететін өзге де мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қайта тексеріп, қажет болған жағдайда түйіндемені түзету қажет.
Жоқ
2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның 59-бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік наградамен немесе уәкілетті органның ведомстволық наградасымен марапатталған, мемлекеттік қызмет өтілі жиырма бес жылдан кем емес мемлекеттік қызметші зейнеткерлікке шыққан кезде оған төрт лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді».
Осы норманың мақсаттары үшін зейнеткерлікке шығу деп жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқық беретін Әлеуметтік кодекске сәйкес зейнеткерлік жасқа толуды түсіну қажет.
Төлем алу құқығына 2026 жылғы 1 шілдеде және одан кейін зейнеткерлік жасқа толатын мемлекеттік қызметшілер ие болады. Егер қызметші 2026 жылғы 1 шілдеге дейін зейнеткерлік жасқа толған болса, көрсетілген күннен кейін жұмыстан босатылған не мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылған жағдайда да төлем жүргізілмейді.
Анықтама: Мемлекеттік қызметтің кемінде 25 жыл өтілі күнтізбелік тәртіппен есептеледі. Өзге мақсаттар үшін заңнамада көзделген еңбек өтілін жеңілдікті есептеу аталған төлемге құқықты айқындау кезінде ескерілмейді.
Оған қоса Заңға сәйкес уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық мемлекеттік орган, яғни Агенттік болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметші аталған төлемге ие болуы үшін кемінде жиырма бес жыл мемлекеттік қызмет өтілі болуымен қатар, мемлекеттік наградамен немесе Агенттіктің ведомстволық наградасымен марапатталған болуы қажет.
Агенттіктің ведомстволық наградаларына «Үздік мемлекеттік қызметші» және «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілері жататынын қосымша хабарлаймыз (2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлық).
Награда марапаттау сәтінде тиісті мәртебеге ие болуы тиіс. Егер кейіннен мұндай награда наградалар тізбесінен алып тасталса, бұл қызметшінің төлем алуға құқығына әсер етпейді.
Тәртіптік жазаның болуы төлемнен бас тартуға негіз болып табылмайды, өйткені бұл төлем сыйақы болып табылмайды.
Иә
2026 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілетін "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты мемлекеттік қызметшіге қосымша ақы төленетін демалыс күндері беріледі:
- 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған кезде – 3 күнтізбелік күн;
- 15 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған кезде – 5 күнтізбелік күн;
- 20 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған кезде – 10 күнтізбелік күн.
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, клиентке бағдарлану жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып, олармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін жағдай жасауды көздейді
жоқ
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 21-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бір жыл ішінде қызметтік әдепті сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған азамат мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
жоқ
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің имиджі мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жария сөз сөйлеуге жол бермеуге міндетті.
Тәртіптік жауаптылыққа әкеледі
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметтік әдепті бұзу тәртіптік жауаптылыққа, оның ішінде мемлекеттік лауазымынан шығаруға дейін әкелуі мүмкін.
Әдептілік, мінсіз бедел және мүдделер қақтығысына төзбеушілік
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік талаптарын қояды.
Басшылық лауазымдарға – эссе және әңгімелесу, басшылық емес және төменгі лауазымдарға – практикалық бағалау.
Басшылық лауазымдарға кандидаттар эссе жазады және әңгімелесуден өтеді. Басшылық емес және төменгі лауазымдарға кандидаттар практикалық бағалаудан өтеді.