Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік қызметшінің клиентке бағдарлануы оның лауазымдық өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қамтамасыз етіледі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып, олармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған талаптар жиынтығын қамтиды.
Сонымен, мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауға және өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде оларға толық әрі жан-жақты жауап ұсынуға міндетті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды, оның ішінде:
1) егер олардың құқықтары туындаған кезді айқындау мүмкін болса және оның келісімі болғанда, олардың жолданымынсыз;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзара байланысты бірнеше құқығын бір уақытта іске асыруды қамтамасыз ету мүмкін болған жағдайда, бір жолданым негізінде;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалардың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғалардың орналасқан жеріне қарамастан;
4) өтініш берушіге жолданымда және қоса берілген құжаттарда жол берілген қателерді, дәлсіздіктерді немесе сәйкессіздіктерді жою, сондай-ақ жеткіліксіз құжаттарды не қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінде көзделген болса, оларды ұсыну мүмкіндігін беру арқылы жолданымды формальды негіздер бойынша қараудан бас тартуға жол бермей қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға және мүдделер қақтығысына төзбеушілік талаптарын қояды.
Бұл қағидат лауазымды адамға жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын іске асырудан бас тартуға, оларды шектеуге не тоқтатуға, сондай-ақ формальды негіздер мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмесе, талаптарды тек қана осындай негіздер бойынша белгілеуге және қоюға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салуды білдіреді.
Бұл қағидатҚазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке іріктеу олардың кәсіптік құзыреттері, лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы, біліктілік талаптарына сай болуы негізінде білдіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының қағидаттары:
1)заңдылық;
2)адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
3)есептілік, бақылауда болу және жауапкершілік;
4)мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқық;
5)рәсімдердің ашықтығы;
6)меритократия;
7)формальды талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу;
8)мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту үздіксіздігі;
9)құқықтық және әлеуметтік қорғалу;
10)Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де қағидаттар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – мемлекеттік органдарда ақы төленетін мемлекеттік лауазымдарды атқаратын және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мемлекеттік қызметтің мақсаты мен ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттің функциялары мен міндеттерін және (немесе) мемлекеттік органдардың өкілеттігін іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіптік қызметі.
Егер тексеру белгіленген, тексеру жүргізуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүргізілсе, атап айтқанда тексеру жүргізуге негіздердің және тексерудің басталатыны туралы хабарламаның болмауы,уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындалса ол жарамсыз деп танылады.
Лауазымдық өкілеттіктерді атқарумен байланысты емес, бірақ мемлекеттік қызметтің қадірі мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге:
1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну;
2) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару жатады.
Иә, басқа мемлекеттік лауазымға (саяси немесе әкімшілік) орналасқан мемлекеттік қызметші бұрынғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары: профилактикалық әңгімелесу; жазбаша ескерту; мемлекеттік қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы үшін қажетті мемлекеттік қызметшінің құзыреттерін тексеру; мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына қатысты жеке ұсынымдар; профилактикалық есепке алу және мониторингтеу.