Жиі қойылатын сұрақтар
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның(бұдан әрі – Заң)10-бабының 6)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік тәртіпті сақтауға міндетті. Бұл ретте, Заңның 32-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады. Мемлекеттік қызметшілерге екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Мемлекеттік органдар бекітетін мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидалары жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін белгілейді.
Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Сонымен бірге, Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5-тармағының 11) тармақшасында мемлекеттік қызметшілер қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға тиіс деп белгіленген.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, магистратура бағдарламасы бойынша оқып жатқан азамат мемлекеттік лауазымға тағайындалған жағдайда ұзақтылығы 8 сағатты құрайтын жұмыс уақытын сақтау қажет.
Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурсты өткiзу қағидаларының 2-тармағына сәйкес конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар мемлекеттік орган өткізеді.
Осылайша, мемлекеттік орган бос лауазымға конкурс жариялау туралы шешімді дербес қабылдайды.
Бүгінгі таңда жалпы конкурсты өткізу туралы хабарландырулар Агенттіктің интернет-ресурсында (gov.kz/memleket/entities/qyzmet) орналастырылғанын хабарлаймыз.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 27-бабының 8-тармағына сәйкес адам, теріс себептер бойынша немесе олардың қызметін бағалау нәтижелері, сынақ мерзімі не аттестаттау қорытындылары бойынша шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде конкурс қорытындылары бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа және сайлауға тестілеуден өтпей-ақ қатысуға құқылы, егер ол мемлекеттік органдар болып табылмайтын өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпаса.
Мұндай жағдайларда осы тұлғаға міндетті арнайы тексеруден өту және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан босатылған адам ғана қатысуға құқылы.
Агенттік Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының 18-тармағына сәйкес заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңда (бұдан әрі – Заң) сотқа өкіл ретінде қатысу үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тегін негізде тікелей шектеулер көзделмеген.
Мәселен, мемлекеттік қызметшінің педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға құқығы жоқ (Заңның 13-бабының 2) тармақшасы).
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшінің өзі қызметте тұрған не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға құқығы жоқ (Заңның 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарда көзделген мүдделер қақтығысы, яғни жеке мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі оның жеке мүдделері мен лауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылықтар болмауға тиіс.
Сонымен бірге, азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 57-бабына сәйкес сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті адам сотта өкіл бола алады.
Баяндалғанды ескере отырып, мемлекеттік қызметші мұндай өкілдік тегін негізде болатын және АІЖК талаптарына сәйкес келетін жағдайда, сондай-ақ өзінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындау үшін мүдделер қақтығысы мен кедергілер болмаған кезде сотта жұмыстан тыс уақытта үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіре алады.