Жиі қойылатын сұрақтар
Негізгі ең төменгі көрсеткіштер:
-
Тұрғын үйдің ұсынылатын ең төменгі жалпы ауданы
Практикада: кемінде 32 м² болуы ұсынылады
(бұл тұрғын үй ретінде тіркеу және өмір сүруге жарамды деп тану үшін)
-
Бөлмелердің ең төменгі ауданы:
Құрылыс нормалары бойынша:
Қонақ бөлме (зал) – кемінде 12 м²
Жатын бөлме – кемінде 8 м²
Ас үй – кемінде 6 м²
Ас үй-ниша – кемінде 5 м²
Жуынатын бөлме – кемінде 1,5–3 м²
Дәліз ені – кемінде 0,9 м
-
Міндетті бөлмелер:
Жеке тұрғын үйде болуы тиіс:
кемінде 1 тұрғын бөлме
ас үй
санитарлық торап (дәретхана)
кіреберіс
Маңызды:
Егер үйдің ауданы 32 м²-ден аз болса, оны:
тұрғын үй ретінде тіркеуде қиындық болуы мүмкін
сәулет және әділет органдары тіркеуден бас тартуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік нысанға сыртқы жарнаманы (маңдайша, баннер, жарық жарнамасы, билборд және т.б.) орналастыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
Жарнаманың эскизін әзірлеу және келісу
Жарнама объектісінің эскизі (өлшемі, дизайны, орналасу орны көрсетілген) әзірленіп, жергілікті атқарушы органның (қала немесе аудан әкімдігінің) сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілетін болуы тиіс.
Орналастыру орнының сәйкестігін анықтау
Жарнама орналастырылатын ғимарат немесе жер учаскесі Қазақстан Республикасының қала құрылысы талаптарына, бас жоспарға және абаттандыру қағидаларына сәйкес болуы қажет.
Ғимарат немесе жер учаскесі иесінің келісімін алу
Егер жарнама ғимараттың қасбетіне орналастырылатын болса, меншік иесінің немесе заңды пайдаланушының жазбаша келісімі қажет.
Жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу (хабарлама немесе рұқсат құжаты)
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін әкімдікке өтініш беріліп, белгіленген тәртіппен рұқсат немесе келісім құжаты рәсімделеді.
Салық және төлем талаптарын орындау
Жарнама объектілерін орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлемдер төленуі тиіс (егер талап етілсе).
Сәулеттік келбет талаптарын сақтау
Жарнама объектісі ғимараттың сәулеттік келбетіне нұқсан келтірмеуі, қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы және жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет.
Рұқсатсыз орнатылған жарнама анықталған жағдайда, жергілікті сәулет және қала құрылысы органы тарапынан оны алып тастау немесе заңдастыру туралы нұсқама беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағиданың(бұдан әрі – Қағида) 22-тармағында көрсетілген:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа) өту керек.
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу алыну керек.
3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу керек.
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру талаптары орындалу керек.
Заңдастырылмаған жағдайда сәулет- құрылыс бақылау басқармасына хатпен шара көруге жолданады.
2025 жылы Жаңақорған кентініңСаяжай-1 мөлтек ауданындағы жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым (электрмен жабдықтау) жұмыстарының құрылысына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен республикалық бюджеттен 400 млн. теңге бөлінді.
Жаңақорған кентінің Саяжай-1 мөлтек ауданы бойынша570 дана темірбетон тіректер орнатылды және 2500 дана темірбетон тіректер сатып алынып, нысанның басына жеткізілді.
Сонымен қатар, СИП маркалы электр желілерінің 45 шақырымы сатып алынып, нысанның басына жеткізілді.
2026 жылыреспубликалық бюджеттен1,0 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жалғастырады.
Нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айы деп жоспарланған.
2026 жылы Жаңақорған ауданындағы әлеуметтік осал топтарға арналған азаматтарға Жаңақорған кентінен 40 арендалық тұрғын үй сатып алуға облыстық бюджеттен 600166,0 мың теңге қаржыны бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды.
Облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген жағдайда ағымдағы жылдың аяғына дейін арендалық тұрғын үйлер сатып алынатын болады.
Қорғау аймақтарында заңмен тыйым салынатын құрылыс нысандары мен жұмыстар
-
Капиталды құрылыс нысандарын салу
– тұрғын үйлер, көпқабатты ғимараттар
– сауда орындары, ойын-сауық орталықтары
– өндірістік нысандар
-
Инженерлік және инфрақұрылымдық құрылыстар
– автожолдар, тұрақтар
– жанармай құю бекеттері
– электр желілері, мұнаралар, байланыс антенналары
-
Жер қазу, карьер ашу, топырақ қабатын бұзу жұмыстары
-
Ескерткіштің тарихи келбетіне әсер ететін қайта жаңарту, реконструкциялау немесе биіктігін өзгерту
-
Жарнама конструкцияларын, билбордтарды, уақытша павильондарды орнату
-
Қорғалатын табиғи ландшафтты бұзатын кез келген шаруашылық қызмет
Яғни, қорғау аймағында жерді пайдалану режимін бұзатын кез келген құрылыс немесе өзгеріс заң бұзушылық болып есептеледі.
Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (2014 жылғы 5 шілде №235-V ҚРЗ) 145-бабына сәйкес:
Егер:
-
қорғау міндеттемелері бұзылса;
-
ескерткішті күтіп-ұстау талаптары орындалмаса;
-
қорғау аймақтарында жер пайдалану режимі бұзылса;
онда жұмыстар тоқтатылып, төмендегідей айыппұл салынады:
-
жеке тұлғаларға – 10 АЕК
-
лауазымды тұлғаларға, шағын бизнеске – 50 АЕК
-
орта бизнеске – 100 АЕК
-
ірі бизнеске – 250 АЕК
Ескерткіш аумағына белгі қою немесе тарихи құндылығын өзгерту
Тізімге алынған тарихи-мәдени ескерткіштерге:
-
қорғау белгілерін орнату
-
қалпына келтіру, реставрациялау, жаңарту жұмыстарын жүргізу
-
тарихи келбетін өзгерту
тек:
-
Уәкілетті органның (облыстық/республикалық мәдениет басқармасы) рұқсатымен;
-
Ғылыми-жобалық құжаттама негізінде;
-
Мемлекеттік тарихи-мәдени сараптамадан өткеннен кейін;
-
Лицензиясы бар реставрациялық ұйымдар арқылы ғана жүзеге асырылады.
Өз бетінше өзгеріс енгізу — заң бұзушылық болып табылады.
Негізгі заңдылық:
-
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы
-
тарихи, ғылыми, мәдени құндылығы бар объектілер тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде есепке алынады;
-
оларды алдын ала есепке алу тізіміне енгізу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады;
-
ұсыныс жеке тұлғалардан, ұйымдардан немесе мемлекеттік органдардан түсуі мүмкін;
-
ұсыныс түскеннен кейін тиісті тарихи-мәдени сараптама жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 25, 27-баптарына сәйкес, тарихи-мәдени құндылығы бар объектілерді анықтау және оларды тарих және мәдениет ескерткіштерінің алдын ала тізіміне енгізу жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне (бұдан әрі – құрамдас бөліктер) атау және оларды қайта атау кезінде:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы
1 тамыздағы № 211 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 болып тіркелген)Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес атау беру және қайта атау барысында жұмыс басталғанға дейін кемінде жарты жыл бұрын белгілі ғалымдар мен өлкетанушыларды, мамандарды тарта отырып, масс-медиа, әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) құрамдас бөліктерді қайта атау туралы шешім қабылдағанға дейін ескі атауының шығу тарихын зерттеу;
3) құрамдас бөліктерді қайта атау кезінде бірінші кезекте идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулардың өзгеруін қамтамасыз ету;
4) құрамдас бөліктергекөзі тірі кісі есімдерінің берілуіне жол бермеу;
5) құрамдас бөліктерге атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу;
6) үлкен көшелер мен даңғылдарға мемлекет тәуелсіздігінің нығаюына ерекше үлес қосқан ұлы тарихи тұлғалардың, белгілі қайраткерлердің есімдерін беру, сондай-ақ құрамдас бөліктерге тарихи тұлғалардың есімдерін беру кезінде көшенің ұзындығына, орналасқан жеріне, абаттандырылуына және басқа да факторларға назар аудару;
7) құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстарды құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен бірлесіп жүргізу ұсынылады;
8) мағыналары тар атаулар немесе жалпылық сипатта болатын, жеке тұлғалардың есімдерін меңзейтін және тарихи-дәстүрлі атауларға негізделмеген атаулардың берілуіне жол бермеу; (Мысалы: Ботагөз, Қарлығаш, Замандастар, Мектеп, Мерей, Мұрагер тағы басқалар);
9) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi басқа құрамдас бөліктерге бiр атауды бiр мәрте ғана беру (атаудың бір мәртелігі);
10)құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Республикалық ономастика комиссиясы қарауына жіберілгенге дейін құжаттардың сапалы әрі заңнамаға сәйкес ресімделуін қадағалау мақсатында облыстық ономастика комиссиясының жұмыс органы болып табылатын басқармамен алдын ала жұмыс жүргізу;
11) құрамдас бөліктердің типтерін белгілеуді бірыңғай қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген) көзделген құрамдас бөліктер типтері атауларының тізбесін басшылыққа алу;
12) құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін белгілеу кезінде Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегіұсынымға сәйкес берілуін басшылыққа алу ұсынылады.
Әдістемелік ұсынымдар шеңберінде әуежайлар, порттар, теміржол вокзалдары, теміржол станциялары, Метрополитен станциялары, автовокзалдар, автостанциялар, физикалық-географиялық және Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекет меншігіндегі басқа да объектілер, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар объектілер болып табылады.
Объектілерге атау беру және оларды қайта атау кезінде:
1)объектілерге Қазақстан тарихында ерекше маңызы бар, жалпыға бірдей белгілі және халық құрмет тұтатын ұлы тұлғалардың, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, сондай-ақ ерекше еңбегі бар тұлғалардың есімдерін беру;
2)білім беру, мәдениет және спорт ұйымдары болып табылатын Объектілерге есімдер беру кезінде (әсіресе тарихи тұлғаның есімін беру кезінде) мекеменің перспективасын ескеру (оны жабу жоспарланбайды ма, жалпы білім беретін білім беру ұйымы болып табылады ма, шағын жинақталған білім беру ұйымы болып табылмайды ма);
3) мәдениет, білім, спорт және басқа салалардағы объектілерге атау беру және оларды қайта атау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Республикалық ономастика комиссиясының (бұдан әрі – Республикалық ономастика комиссиясы) қарауына жіберілгенге дейін мәселені тиісті салаға жетекшілік ететін мүдделі мемлекеттік органдармен (Мәдениет және ақпарат министрлігі,Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және тағы басқалар)алдынала келісу.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығымен Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы Үлгілік ережеге осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес келтіру бөлігінде, облыстық ономастика комиссиялары мен Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының ережелерін одан әрі түзете отырып, тиісті түзетулер енгізу мәселесін қарау ұсынылады;
4) білім беру, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы Объектілерге тұлғалардың есімдерін беру кезінде салалық қағидатты ұстану (мысалы, білім беру саласындағы объектіге осы салаға еңбегі сіңген тұлғаның, мәдениет мекемесіне мәдениет саласына үлес қосқан қайраткерлердің есімдерін беру және тағы басқалар);
5) объектілерге тұлғалардың есімдерін беру кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген республикалық «Тарихи тұлғалар» тізімін басшылыққа алу;
6) объектілерге жеке адамдардың есімдерін беру кезінде қазақ есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу, сондай-ақ дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақ есімдерінің мемлекеттік тілде жазылуын қадағалау;
7) объектілерге көзі тірі кісі есімдерінің берілуіне жол бермеу;
8) этимологиялық мәні бар тарихи және дәстүрлі атаулары бар объектілердің атауларын өзгертуге жол бермеу;
9) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi Объектілерге бiр атауды бiр мәрте ғана беру (атаудың бір мәртелігі);
10) денсаулық сақтау саласындағы (емхана, аурухана және басқа да мекемелер), мектепке дейінгі білім беру объектілеріне, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, тасжолдарға, Астана жеңіл рельсті көлігі (LRT),физикалық-географиялық және басқа да Объектілерге кісі есімдерін беруге жол бермеу;
11) атау беру және қайта атау барысында ұсынылып отырған атаулардың тарихи дереккөздер деректеріне сәйкестігі қағидатын ұстануға және ономастикалық объектілердің тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында әкімдіктер жанынан құрылған жұмыс топтарының сараптамалық қорытындыларына негізделу ұсынылады.
Діни мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын Қоғамдық даму бөлімінің дін істері жөніндегі мамандары жүргізеді. Азаматтар бөлімге жазбаша немесе жеке қабылдауға жазылу арқылы жүгіне алады.