Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 48 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылып беріледі. Аталған кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес, сатуға арналған жер учаскесі:жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда – саттыққа шығарылады. Конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланып отырады. Жер учаскесінің шекарасын анықтау мақсатында Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөліміне (Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №44, 1 қабат,   тел: 21-2-78) хабарласуға болады.