Жиі қойылатын сұрақтар
Әлеуметтік желілер арқылы тұрғындармен байланыс орнату жұмыстары қазіргі таңда біршама тиімді жүргізілуде. Себебі әлеуметтік желілер халықпен жедел әрі ашық байланыс жасауға мүмкіндік береді. Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдар Instagram, Facebook, Telegram жәнеWhatsApp желілері арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін қабылдайды.
Мысалы, кейбір әкімдіктер әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізіп, тұрғындардың мәселелерін онлайн түрде талқылайды. Бұлхалық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ақпараттың тез таралуына ықпал етеді.
Аудан жастарының жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, жастарды тұрақты жұмыспен қамту, кәсіптік білім беру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінде жастарды жұмыспен қамту үшін «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты», қоғамдық жұмыстар сияқты бағдарламалар жұмыс істейді. Бұл жобалар арқылы жас мамандар тәжірибе жинап, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, жұмыссыз жастарды қайтадаярлау және қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстары ұйымдастырылуда. Бұл курстар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге көмектеседі. 2025жылы мыңдаған жас кәсіптік оқуға жіберілгені айтылды.
Шекара жер кадастры құжаттары мен геодезиялық өлшеу арқылы анықталады. Даулы жағдайлар алдымен жер қатынастары органында, шешілмесе сот тәртібімен қаралады.
Жер телімі берілгенімен, инженерлік инфрақұрылымның жүргізілуі жергілікті атқарушы органдардың жоспарлауына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
ҚР Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелерін ақысыз түрде алуға болады. Заңда жердің көлемі де белгіленген:
1) ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) — суарылмайтын жерлерде 0,25 га және суармалы жерлерде 0,15 га;
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 га;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.
4) Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жалдау құқығына арналған конкурс негізінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен конкурстық ұсыныс беру қажет, ол бизнес-жоспарды қамтуы тиіс. Бизнес-жоспарда инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының саны, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, сондай-ақ құрылатын жұмыс орындарының саны қамтылуға тиіс. Сондай-ақ, жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді көрсету қажет. Конкурс қорытындысы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні шығарылады. Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды және салыстырады, инвестициялардың болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспар үшін балл беру арқылы жеңімпаз өтінімді айқындайды. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Ұпайлар тең болған жағдайда жеңімпаз комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады. Жер комиссиясының қорытынды шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде жер учаскесін беру туралы шешім қабылданады және жалдау шарты жасалады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту» туралы 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес;
Ет бағытындағы сатып алған асыл тұқымды ірі қара малдарға отандық 260 000 теңге және ТМД елдерінен сатып алынса 390 000 теңге және Еуропа елдерінен алынса – 525 000 теңге төленді.
Сүт сатып алған асыл тұқымды ірі қара малдарға отандық 350 000 теңге және ТМД елдерінен сатып алынса 390 000 теңге және Еуропа елдерінен алынса 700 000 теңге төленді.
Бұл жерде ескеретін жағдай сатып алынған асыл тұқымды малдар ереже қағидаларына сай 1 (бір) жыл бойы аман сақталуға жатады (мал шығындарының зоотехникалық номаларын қоспағанда). Ал егер мал басы сақталмасы алынған субсидия мемлекетке кері қатаруға жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» II тарау 4 тармағына сәйкес «Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады». Тізбе аудандық білім бөлімі, аудандық көпбейінді орталық аурухана, аудандық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі, аудандық ветеринариялық станция, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімі аппаратының ұсынысы мен2023 жылғы 24 мамырдағы Жаңақорған аудандық прокуратурасының Ұсынуын негізге ала отырып, аудандық «Мансап орталығы» «Enbek.kz» порталының мониторинг мәліметі негізінде бекітіледі. Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі тоқсанына 1 рет бекітіледі.
Өтінім беру 2023 жылдан сенім білдірілген өкіл «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы) otbasybank.kz/programm-bank арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетінқызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
-
l) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп.