Жиі қойылатын сұрақтар
Әлеуметтік желілерде әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға мемлекет тарапынан бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқаны туралы ресми емес ақпараттар таралуда. Осыған байланысты аудан тұрғындарынан «Е-Gov» мемлекеттік қызметтер порталы арқылы көптеген өтініштер келіп түсуде.Осы ретте, әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Жаңақорған ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №94 шешіміне сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде таралған кейбір тізімдерде мәслихат шешімінде қарастырылмаған келесі санаттар көрсетілген:
Қатерлі ісік аурулары бар азаматтар;Қант диабеті ауруы бар азаматтар;
Жетімдікке және ата-ана қамқорлығының болмауына байланысты азаматтар;
Жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмауына байланысты;
Жан басына шаққандағы орташа табысы жергілікті өкілді орган белгілеген шектен аспауына байланысты және өзге де санаттар.
Аталған санаттар бойынша жергілікті атқарушы орган тарапынан өтініштер қабылданбайды және уәкілетті органнан тиісті ұсыныстар түспегенін мәлімдейміз.
Десе де көрсетілген негіздемелер бойынша заңдылыққа өзгерістер енгізілген жағдайда, тұрғындарды қосымша түрде ресми ақпараттандырылатын болады.
Осыған байланысты әлеуметтік желілерде таралған ресми емес ақпараттарға сенбеулеріңізді және негізсіз өтініштер бермеулеріңізді және сұрақтар туындаған жағдайда бөлімге келіп, шынайы ақпарат алуларыңызды сұраймыз.
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №94 шешіміне сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір реттік 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір адамға 64875 тенге әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Қазіргі таңда Министрлік жеке көмекші қызметіне ақы төлеуді Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізуді ұйымдастыру бағытында жұмыстар атқаруда. 2026 жылдың ақпан айынан бастап бүкіл республика көлемінде жеке көмекші қызметіне ақы төлеу орындалған жұмыстар актісі негізінде, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін жүзеге асырылатын болады.
Дегенмен ақы төлеу мерзімін әр айдың 10-на дейін белгілеу мүмкіндігін қарастырып, төлем тәртібін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жаңақорған ауданы бойынша 2026 жылға санаторийлік-курорттық емделу қызметі бойынша «Е-собес» базасына жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қосымша 68 мүгедектігі бар адамнан санаторийлік-курорттық емделуге өтініш түсіп, тиісті қаржылары бөлінбей тұр.
Облыстық басқармамен санаторий-курорттық емделудің қызметіне алдағы уақытта өтетін облыстық мәслихат сессиясының қарауына қосымша қаржы бөлу жөнінде тиісті бюджеттік өтінім енгізілген.
Алдағы уақытта облыстық мәслихат сессиясының шешімімен қосымша қаржы қаралған жағдайда, санаторий-курорттық емделуге арналған қаржы белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті бөлініспен берілетін болады.
Жүгінудің екі жолы бар. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет.
Қызметті алуда кезекке қою үшін құжаттарды беру кезінде уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Ол үшін осы сілтеме бойныша қажетті құжаттарды тіркеп өту және ЭЦҚ сұранысына қол қою қажет.
Мемлекеттік грантты бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын немесе іске асырып жатқан «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Грант көлемі: 200 айлық есептік көрсеткіш.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.
Мемлекеттік гранттар қажетті инвентарьді, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.
Қайда шағымдану қажет: тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына.
Қандай құжаттар қажет: жеке басын куәландыратын құжат, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды бітіргендігі туралы сертификат немесе қысқа мерзімді оқыту курстарынан өткені туралы сертификат.
2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (№ 482-V ҚРЗ) 13- бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін тұрғылықты жерiндегі халықты жұмыспен қамту орталығына тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеле аласыз.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 48 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылып беріледі. Аталған кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес, сатуға арналған жер учаскесі:жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда – саттыққа шығарылады. Конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланып отырады. Жер учаскесінің шекарасын анықтау мақсатында Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөліміне (Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №44, 1 қабат, тел: 21-2-78) хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкімдігі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге болады.
Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.