Жиі қойылатын сұрақтар
Үкіметтік емес ұйымды тіркеу әділет органдары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық даму бөлімі тіркеу тәртібі бойынша консультациялық көмек көрсете алады.
Жастар бағдарламалары туралы ақпаратты Қоғамдық даму бөлімінің ресми сайтынан, әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе Жастар ресурстық орталығынан алуға болады.
Волонтер болу үшін өңірлік волонтерлік фронт-офиске немесе арнайы онлайн платформалар арқылы тіркелуге болады. Тіркелгеннен кейін сізге қолжетімді жобалар туралы ақпарат ұсынылады.
Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланған конкурстарға өтінім береді. Конкурс талаптары мен құжаттар тізбесі хабарландыруда көрсетіледі. Толық ақпаратты бөлімнің ресми сайтынан немесе мамандарынан алуға болады.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
-
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш;
-
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
-
Өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Ауыл аманаты бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен несие алу үшін төмендегі құжаттар тізімін ұсынасыз.
-
Несие алушының және жолдасының жеке куәлігінің көшірмесі (неке қию туралы куәлік көшірмесі)
-
Несие алушы және жұбайының несие тарихы (90 күннен кешіктірілмеуі тиіс)
-
Кепілге қоятын мүліктің меншік құқық құжаттарның көшірмесі,
-
Ауыртпалық (обременение) туралы куәлік ,(психологиялық, наркологиялық, және сотталмағандығы туралыанықтама)
-
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік (талон) және хабарлама
-
ЖК счет банктен (жк атынан), Картотека -2 , Банкке қарызы жоқ туралы анықтама
-
Бағалау (оценка)
-
Бизнес план
-
Анкета
10. Салыққа қарызы жоқ туралы анықтама, зейнетақы айналымы (6 ай) анықтама
Кәсіпкерлерге кәсібін бастауға және кәсібін дамытуға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» қаржы ұйымы арқылы 2,5 пайызбен және «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС-гі арқылы 6 пайызбен несиемен қаржыландырылуға қолдау көрсетіледі.
Ауданда уран өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындарда экологиялық талаптарға сәйкес автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылған, яғни бұл жүйе зауыт өндірісінен шыққан ластағыш заттарды тез арада бақылап, олардың ауада таралуын рұқсат етілген нормадан аспауын қадағалайды. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі жүзеге асыратын өлшемдер, оларды өңдеу, беру, сақтау мен пайдалану Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы және ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Атап айтқанда, кәсіпорындар үздіксіз өлшеу нәтижелері бойынша ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің сақталуын және ластаушы заттардың жаппай шоғырлануын бақылау арқылы жүзеге асырып, мемлекеттік органдарға әрбір 20 минут ішінде орташаланған қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы ластаушы заттардың нақты шығарындылары туралы дәйекті ақпаратты нақты уақыт режимінде үздіксіз ұсынады. Сонымен қатар, кәсіпорындарда ҚР Экологиялық кодексінің 106-бабының талабына сәйкес, қоршаған ортаға жағымсыз әсерді жүзеге асыру құқығын куәландыратын және қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттарын айқындайтын құжат, яғни экологиялық рұқсат рәсімделген.
Ауданға инвестиция тарту аясында инвесторлар үшін бірқатар қолайлы жағдайлар жасалып отыр.
- Инвестициялық алаңдар электр, су, газ, жол желілерімен қамтамасыз етіліп, кезең-кезеңімен жеткізіледі.
- Индустриялы қаймақтар, бос жерлер ұсынылады.
- Рұқсат құжаттарын алу, жер бөлу, техникалық шарттар мәселелерінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан сүйемелдеу көрсетіледі.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылған.
- Инвесторлармен жобаларды жедел қарау және келіссөздерге қолайлы орта қалыптастырылған.
Осының барлығы инвесторлар үшін тәуекелді азайтып, жобаларды тез іске асыруға және ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй саясатын реформалау шеңберінде бұл функциялар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығымен, 24.05.2025 ж бастап Ұлттық даму институты мәртебесіне ие «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына orken.otbasybank.kz платформасы арқылы «Отбасы банк» АҚ беріліп отыр. Дегенмен кезекке тұрудың басты талаптары Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы және соңғы үш жылда тұрғылықты жері бойынша тіркеуде тұруы талап етіледі.