Жиі қойылатын сұрақтар
2025 жылы Сырдария өзенінің бойында ораналасқан 8 елді мекенді (Қожакент, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже, Билібай ауылдары) газбен қамтамасыз ету мақсатында Қожакент елді мекеніне дейінгі жоғары қысымды газ құбырын жүргізу және ауылішілік газ тарату желілерін салу жобасы әзірленген болатын. Жобаның құрылыс жұмыстары 2026-2028 жылдары жүргізіледі деп күтілуде.
2025 жылыдемеушілікнегізде«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі елді мекеніне жеткізуші газ құбырын және газ тарату желілерін салу» жұмыс жобасы бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер жолданды. Жоба құны 997 млн. теңге.
Қаржысы қолдау тапқан жағдайда жобаның құрылыс монтаждау жұмыстары 2026-2027 жылдары жүргізіледі депжоспарлануда. Жобабойынша 38 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 148 тұрғын үй және 757 халық газ пайдаланатын болады.
2019 жылы Жаңақорған кентінің аумағы кеңейіп, жаңадан мөлтек аудандардың пайда болуына байланысты «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы жүзеге асырылған. Аталған жобамен магистралдық су желілері салынған болса, 2021-2022 жылдары сервистік жүйесімен қамтылған.
Дегенмен, «Тақыркөл» бас су алғышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральды су өткізгіші жеткілікті ауыз су қорын жеткізе алмауына байланысты бүгінгі күнге дейін ауыз су беру мүмкін болмаған.
2024 жылы «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіндегі МАИ бекеті шағын ауданында су тарату станциясы және қосылу тармағының құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құны 1 071 855,0 мың теңге.
Қазіргі танда, республикалық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау мерзімі 2026 жылдың мамыр-маусым айлары деп жоспарлануда.
Жоба бойынша Жаңақорған кенті «МАИ бекеті», «Алтыкрант» мөлтек аудандарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
2024 жылы Аққұм елді мекеніндегі электр тарату желілері жаңғырту мақсатында демеушілердің қолдауымен жұмыс жобасы әзірленді.
Бүгінгі таңда аталған жоба облыстық бюджеттен толық қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталады.
Жобаның іске асырылуы – елді мекендер тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде маңызды роль атқаратын мәселені түбегейлі шешуге және тұтынушылардың сапалы электр энергиясына қолжеткізуіне әсерін береді.
Жаңақорған ауданы бойынша 394 спорттық ғимараттар бар олар: 1 стадион, 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 ипподром, 74 спорт зал, 2 теннистік корт, 52 жапсарлас спорттық бөлмелер, жазықтықтағы спорт құрылғылары саны 249 (227 баскетбол, волейбол, шағын футбол, стритбол және жасанды жамылғымен көмкерілген спорт алаңдары, 22 үлкен футбол алаңдары) құрайды. Спорттық ғимараттардың барлығы ақысыз негізде белгіленген спорттық кестеге сәйкес жұмыс жасайды.
Спортшылардың спорттық атақтарын беруҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 28 казандағы №56 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары мен қағидаларына сәйкес беріледі. Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттары бойынша спорттық атақтары заңға сәйкес беріледі.
2025 жылы аудан спортшылары спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатынан 2 күміс, 2 қола жүлдені иеленсе, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдегер атанып, Азия ойындарынан 3 қола, ҚР чемпионаттарында 30 алтын, 55 күміс, 30 қола медальды иеленді. (33 алтын, 61 күміс, 36 қола медаль) барлығыны 130 медаль.
Сондай-ақ 35 аудан спортшылары ҚР ұлттық құрама командасының сапына енсе, 45 спортшымыз облыстық құрама сапында өнер көрсетуде, спорт түрлері бойынша 7 спортшы – ҚР спорт шебері, 45 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, 16 спортшы – І-ші разрядты спортшы нормативін орындады.
Бұқаралық спортты дамыту бойынша Жаңақороған ауданының спортшылары Қызылорда облысының спрт түрлері бойынша облыстық чемпионаттарында волейболдан ерлер құрамасы 2 орын, әйелдер құрамасы 3 орын, баскетболдан ерлер құрамасы 3 орын, әйелдер құрамасы 2 орын, қол добынан әйелдер құрамасы 2 орын, футболдан аудан құрамасы 3 орынды иеленсе.
Ауыл спортшыларының «Алтын күз -2025» ХХХVIII облыстық спартакиадасы мен «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарында Жаңақорған ауданының құрама командасы жүлделі 3 орынды иеленді.
Спорт түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыстық спартакиадасында Жаңақорған ауданың құрамасы 3 орынды иеленді.
2025 жылы ауданымыздың ардагер спортшылары арасында спорттың 10 түрі бойынша(волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, дартс, пневматикалық мылтық ату, жеңіл атлетика)аудандық және облыстық деңгейде 36 спорттық іс-шаралар өткізіп оған, 300 ден астам ардагер спортшылар тартылды. Биылда ардагерлер арасындағы спорттық іс шаралар жалғасын табады.
Жаңақорған ауданы көлемінде 2026 жылға арналған мерейтойлар мен түрлі іс-шаралар орайластырып, өткізілетін барлық спорттық ойын түрлерінен алдын ала жылдықереже-кестелері бекітіліп отырады. Осыған сәйкес, Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне ережелерін бекітіп, мерей той иелерінің өтініші арқылы ұсыныс енгізуге болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы 414-V Еңбек Кодексінің 1 -бабы мен 139 бабына және ҚР Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №151 бұйрығының 2-ші қосымшасын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік қызметкерлерге ақылы еңбек демалысы беріледі.