Туристік және тарихи байлықтарға келетін болсақ Ең мол байлығы-тұщы суы. Жер қойнауынан бор кені және құрылыс материалдары барланған. Ақбалшық, цемент, қиыршық құм, сланец (пісіп жетілмеген көмір), қиыршық және қатты тас бар. Өсімдігі ақселеу, бетеге, бидайық, сарсазан, бұйырғын, ақсора, тікен шөп, шисабақ, қалампыр, гүлкекіре, қырықбуын, кірпібас, бөденешөп, ажырық, таспа, мия, бадамша, қараған, аққаңбақ кермек, әрем, түймедақ, еркекшөп, шығыр, боз, есекмия, қоңырбас, қарабарақ, көкпек, мүк, аратіс, усасыр, сорақ, торғайоты, ақмамық, айрауық, меңдуана, қорған, ши, сүттіген, қызғалдақ, сарғалдақ, гүлді шөптер, екпе гүлдер т. б. Емдік шөптері: жусандар, алабота, шайқурай жапырақтары, сары мия, киік оты, адыраспан, андыз, шілік, итмұрын, қалмақ, қояншөп, сарымсақ, құмаршық, қымыздық, т.б. Ағаш тектілері: шырша ағашы, арша, қайың,аққайың, өрімтал, қаратал, көктерек, қарағай, қара ағаш, алма ағашы, бүлдірген,тал, долана, қамыс, жыңғыл, қараған, құрақ, қоға, тобылғы.
Тоғайлар: Талтоғай, Едіге тоғайы, Мүсірәлі тоғайы, Нұрекен тоғайы, Қален тоғайы, Қарағаш, Қаратал, Зәшітал. Жануарлар дүниесі: саршұнақ, кесіртке, жылан, жасыл нааб, тас шыбыжық, үй тышқаны, көртышқан, атжалман, қосаяқ, құмтышқаны; топырақ қабатында: аяққұйрық, кене, қара және ала қоңыздар, көбелектер, қара күйе, кандала, бүйе, инелік, құмырсқа, бұлан, киік, ақбөкен, қабан, қоян, елік; олардың жыртқыш сүт қоректілер тобы, яғни аңдары: қасқыр, түлкі, қарсақ, жабайы шошқа, күзен, ақкіс, борсық, қабан, құлан, аққалақ - жыртқыш сүт қоректілер тобы. Құстар: шіл,бөдене, бозторғай, аққу, қаз, үйрек, тауық, күркетауық, қарылғаш, дуадақ, безгелдек, тырна, күйкентай, бөктергі,ақ құйрықты қарақұс, қаршыға, дала қыраны, қарақұс, лашын, үкі, жапалақ, су үйрегі, құтан, шағала, ақ тұмсық қарға, қара торғай, қасқалдақ, қызғыш, әупілдек,көкек, құрқылтай; Балықтар: шортан, сартұқыш, қарабалық (линь), табан балық, ақбалық, итбалық, сушаяны, сүлік. қосмекенділер: бақа, аусыл,сұр кесіртке, дала жыландары, су жыланы, тасбақа т.б. мекен етеді. Өзендері: Аудан жерімен Қалдығайты өзені, оның салалары: Баянас, Жарлы, Өзек, Мантай; Жақсыбай өзені, оның саласы Қуағаш, Шилі; Бұлдырты өзендері ағып өтеді. Дала көлдері: Сулыкөл, Қоржын, Шөптікөл, басқа да Қоскөл, Ақбақай, Батпақкөл, Егіндікөл көлдері бар. Емдік балшықты тұзды көлдер: Үлкен Айна, Жетігенсор, Соркөл, Үлкенсор, Кішкентай, Ащықара, Көкеменсор, Жібек, Көпбай, Түздыоба, Шақабай, т.б. 30 - ға жуық көлдер бар. Тауы: Қалпақтытау, Есенаман тауы. Құм: Аққұм, Көкөзекқұм, Қарағандықұм, Айқайшағыл, Есіргемесшағыл, Көктөбе.