
Қаратөбе аудандық тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Аудан бойынша мәдени мекемелер тұрғындардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 698 мәдени-көпшілік шара өткізді, 30520 көрермен қамтылды. 2025 жылдың жоспарына сәйкес Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мекемелерінде 731 іс-шара бекітіліп, осы іс шараға 16149 оқырман қатысты . «Қаратөбе» спорт клубы салауатты өмір салтын насихаттау бағытында 145 спорттық шара және ұлттық спорт түрлерін насихаттау бойынша 83 спорттық шара өткізді. Спорттық шарада қамтылған адам саны 5174. Аудан бойынша тұрғындар арасында бұқаралық спортпен айналысу көрсеткіші 42,5% құрайды. 2025 жылы жалпы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мәдени және спорттық іс-шаралар
Ауданымыздағы мәдениетті өзара байыту, қоғамды топтастыру, ұлттың генетикалық кодын: тілі, руханият, дәстүр мен ұлттық мұраны сақтау, қайта жаңғырту, халықтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, талантты өнерпаздардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, әлеуметтік өмір салтын байыту бағытта ауқымды мәдени шаралар оздырылып, жобалар құрылды.
Аудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Ғ.Құрманғалиеав атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастырумен Ғ.Құрманғалиев «Бабалар ізімен» жобасы аясында Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның Халық артисі Ғ.Құрманғалиевтің 115 жылдығына орай «Мөлдір бұлақ» әуесқой дәстүрлі ән орындаушылар мектебі ашылды. Қазіргі уақытта әуесқой дәстүрлі ән орындаушылар мектебі қарқынды жұмыс жүргізуде.
2025 жылдың жылдық жұмыс жоспары бойынша облыстық 6 шара өткізу жоспарланған болатын. Жоспарға сай барлыға өткізілді. Атап айтар болсақ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері, жерлесіміз Жаңабек Жақсығалиевтің мерейлі 50 жасына арналған «Дархан дала, дүр мекен – тектілердің тұяғы» атты кездесу кеші.
Мұхит Мерәліұлының 185 жылдығы қарсаңында дәстүрлі ән орындау өнерін насихаттау мақсатында аймақтық «Шырқа дауысым, шарықта!» дәстүрлі ән орындаушылардың облыстық байқауы өткізіліп, нәтижесінде саралжындық жас әнші Мансұр Олжағали бас жүлде иеленді.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, танымал айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязованы «Айтыстың Шолпан жұлдызы ең...» еске алу кеші, туған жерге адал қызмет етіп жүрген азамат, қоғам белсендісі, кәсіпкер, меценат, «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері, Қаратөбе аданының «Құрметті азаматы» Ержан Қайыржанұлының 50 жасқа толуына арналған «Талап, еңбек, терең ой» атты кездесу кеші өтті.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қырғызстан Республикасының «Шыңғыс Айтматов», «Гүлсайра Мамунова» атындағы және «Алтын калем» медальдарының иегері Өзбекстан Республикасының «Әлішер Науаи» атындағы орденінің иегері, облыстық «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын, өлкетанушы, ғалым-ұстаз, жерлесіміз Талап Таймасұлына арналған «Тұнық жырдың тұмары» атты кездесу кештері өтті.
«Көкжиек» жас оқырмандар дүниетанымын кеңейтуге арналған жоба ашылып, «Алтын сақа», «Күміс таға», «Алатау» сынды үш кезеңнен тұрып, жыл бойы өткізіліп. Нәтижесінде демеушілердің қолдауымен аудан орталығынан қатысқан 3 мектеп 100 мың теңге сертификаттармен марапатталды.
Сонымен қатар 2025 жылы қазан айында «Жұмысшы мамандықтар жылына» және ауыл шаруашылық күніне орай «Ауылым – алтын бесігім» атты кең ауқымды этнофестиваль өткізілді. «Ретро» ән байқауы, жыршылар шеруі, ауылдық округтердің концерттері және спорттық шаралар оздырылды.
21 қараша күні Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» Айсұлу Қадырбаеваның 75 жас мерейтойына арналған «Күміс қанат - Ақсұңқар» атты рухани шығармашылық кеш және туған жерге адал қызмет етіп жүрген азамат, қоғам белсендісі, кәсіпкер меценат, «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері, Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» Хасанов Ержан Қайыржанұлының 50 жасқа толуына арналған «Талап, еңбек, терең ой» атты кездесу кештері өтті.
Жергілікті композиторларды қолдау мақсатында жаңа әндерді өңдеу (аранжировка) жұмыстарын ұйымдастыру, «Ұмытылмаған ұлттық қол өнер» қолөнершілер байқауы, Мәденит қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру мақсатында сала мамандарымен кеңес өткізу сынды шаралар ұйымдастырылды.
2025 жылы Астана қаласында өткен грэпплингтен ҚР-ның кубыгында «Қаратөбе» спорт клубының атынан сынға түскен Сұлтанова Гүлжайна әлем чемпионатына жолдама алып, бағын сынап келді.
2025 жылдың тамыз айында Орал қаласында Төрт жылда бір рет өтетін «Ақ бидай» – VIII ауыл ойындары” аясында өткен облыстық жарыста аудан құрамасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Командаларымыз көкпар, волейбол, аударыспақ, садақ ату, асық ату және бес асық сынды ұлттық және спорттық ойын түрлерінен жүлделі орындарға ие болды. Әсіресе, ұлттық рухты көтеретін көкпар мен аударыспақта спортшыларымыз өз шеберліктерін көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Сонымен қатар биыл 10-23 жас аралығында жасөспірім мен ересектер арасындағы және жасөспірім қыздар арасында ауыр атлетикадан Орынбор облысының Космонавтык күніне арналған турниріне ауданымыздың спортшылары бақтарын сынап, жүлдемен оралды. Жалпы, жұмыс жоспары аясындағы іс-шаралар толық көлемде орындалып, жастардың мәдени және спорттық белсенділігі арта түсті.
Аудан бойынша мәдени және спорттық шаралардағы жетістіктер
2026 жылға арналған мәдени және спорттық шаралар
2026 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен үш жүзге ән оздырған Мұхит Мерәліұлының 185 жылдығына арналған республикалық мәдени шара өткізу өткізу, Е.Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың «Бозторғайым», «Ұлттық мұра» т.б аудандық байқаулар, 1936 жыл – Аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің ең алғашқы санының шыққанына 90 жыл, аудан бойынша ағашқы кітапхананың ашылғанына 90 жыл және аудандық балалар кітапханасының ашылғанына 60 жыл толуына орай мәдени-көпішілік ашралар өткізу жоспарда тұр.
Ауданымыздың бұқаралық спортын дамыту мақсатында ауданымызда «Ұлттық спорт түрлерінен» және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында ауыр атлетика мен БҚО мемлекеттік қызметшілері арасында «Аудан әкімі қубогі» турнирлерін өткізу жоспарлануда.