
Аудан бойынша 18 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 13 орта, 5 негізгі мектеп, 7 мемлекеттік балабақша, 2 жеке балабақша және 3 қосымша білім беру ұйымдары (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылығы үйі, жасөспірімдер туризм орталығы) жұмыс жасайды.
2025-2026 оқу жылы Қаратөбе ауданында 752 бала контингенті бар 23 мектепке дейінгі ұйым ) жұмыс істейді.
23 мектепке дейінгі ұйымдардың ішінде:
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы –92,7 % , 1-3 жасқа дейін 70 %, 2 жастан 6 жасқа дейін – 97%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды.
2024-2025 оқу жылын аудан бойынша 2548 оқушы аяқтаса, 9 сыныпты 212 оқушы аяқтап, оның 24-і «Үздік аттестат» иеленді. 11-сыныпты 182 түлек аяқтап, оның ішінде 4 түлек «Алтын белгі» белгісін, 11 түлек «Үздік аттестат» иеленді. Жоғары оқу орындарының грантын 105 түлек иеленді, ол жалпы түлектің 57,6%.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы 65,4%.
Мектептерде оқушыларға 650 педагог тәлім-тәрбие береді. Оның 536-сы (82,4%) жоғары білімді 114 (17,5%) арнаулы орта болса, аудан бойынша жаңа форматта аттестаттаудан өткен педагог саны - 440 (67,6%)
Ауданда 3 қосымша білім беру орталығы бар, онда 1474 оқушы түрлі үйірмелермен қамтылған. Балалар шығармашылығы орталығында 46 үйірмеге қатысатын оқушы саны 690 (26,8%), Балалар музыка мектебінде 5 мамандық бойынша 139 оқушы (5,4%), Балалар-жасөспірімдер туризм орталығында 44 үйірмеде 645 оқушы (25,09%). Жалпы аудан бойынша мектеп оқушыларының қосымша білім берумен қамтылу пайызы 57,3%.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмысытарын жүйелі ұйымдастырып, жетістіктерге жеткені үшін Шөптікөл МББК «Үздік 100 мектеп» қатарына енді. 2025-2026 оқу жылына аудан бойынша 1 сыныпқа 281 оқушы қабылданды.