
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қаратөбе ауданында 885 шағын орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, олардың 862-і жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 97,4 процентін құрайды. Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша 01.07.2025 жылғы жағдайда шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінде 204 адам жұмыс жасайды.
Экономикалық өсім қарқынына әсер ететін негізгі факторлардың бірі ауданға инвестиция тарту болып табылады. Ауданда кәсіпкерлік субъектілерілер санын арттыру және бәсекелестікті күшейту, аудан тұрғындарына қол жетімді тауарлармен қамтамасыз ету үшін, халыққа қызмет көрсету бағытында сауда үйлері, азық-түлік дүкендері, наубайханалар, көлік жөндеу станциялары жұмыс жасауда. Бұл бизнес нысандарының ашылуы ауданның бизнес саласына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.