logo

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауылшаруашылығы

Ауылшаруашылығы

Ауданымызда 324 шаруа қожалығы агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында қызмет атқаруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы мүйізді ірі қара – 60 806 бас, қой мен ешкі 95 548 бас, жылқы – 17 927 бас, түйе – 25 бас, құс саны 4 236  басты құрады.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 73 шаруашылық асыл тұқымды 13 351 бас МІҚ  малын, 3 шаруашылық 124 бас асыл тұқымды жылқы, 13 шаруашылық 2 643 бас асыл тұқымды қой малын  өсірумен айналысады.

Аудан шаруашылықтары мал шаруашылығымен бірге егіс шаруашылығын да қолға алуда. 2025 жылы ауданымыз бойынша барлығы 970 га жерге арпа, тары, бір жылдық екпе шөптер егілді.

2024 жылы бау-бақша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қаражатын алған 23 жобаның ішінде 3 адам 38 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды МІҚ, 3 адам 30 бас сүтті бағыттағы тауралы МІҚ (Темірғалиева. Ж-11 бас, СПК "Қаратөбе 2025" Рысбаев А-14 бас, Шұғайпов Б-12 бас, Күмісқалиев А-12 бас, Айташев Н-13 бас, Аймағанбетова А-6 бас) 4 - адам 406 бас биязы жүнді ақ қой (миренос) қойын сатып алды. (Қоскөл а/о -Мухамбедьяров Б-130 бас қой , Егіндікөл а/о-СПК "ZHUBANYSH AMIRE" Әмреев Б-71 бас, Егіндікөл а/о-СПК " "IMANBAI07" Сериккалиев Нурболат Жумакунович-105 бас, Қаратөбе а/о-Есенәліқызы Ә-100 бас).

Жусандой ауылдық округінен СПК "Ибрахим-2022" Рахымғалиев Асылмұрат 29,5 млн. теңгесіне КАМАЗ автокөлігін сатып алды.

Қаражатын алған қалған 20 адам бақша өсіру, асханаға құрал жабдықтар алу, құс өсіру, шаштараз, арнайы техника, кілем жуу, автосервис ашу бағытында несиелерін алды.

Сонымен қатар аудан бойынша 12,6 гектар жерге мекеме қызметкерлері арқылы ұжымдық бау-бақша өсіріліп, одан 124,3 тонна өнім алынды.

2025-2026 жылдың мал қыстағына 132,9 мың тонна табиғи мал азығын дайындау жоспарланып, 133,9 мың тонна мал азығы дайындалды.

Есептік мерзімде машина-тракторлық парктерді жаңарту мақсатында 55 трактор және 86 мал азығын дайындау техникасы сатып алынды.

Документы
Ақпарат
29 июня 2026
«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығының 26-бабына сәйкес 2026 жылғы 22 маусым күні өткізілген конкурстың қорытындысы
Ақпарат
29 июня 2026
«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығының 26-бабына сәйкес 2026 жылғы 15 маусым күні өткізілген конкурстың қорытындысы
Ақпарат
22 апреля 2026
«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
"Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығы
Медиагалерея
6
Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламалар
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы