Жиі қойылатын сұрақтар
Ең бастысы - қарызды өтеу туралы өз мүмкіндіктеріңізді бағалау қажет. Егер дұрыс пайдаланылса, кредит ыңғайлы қаржы құралы болып табылады. Қарыз алу туралы шешім қабылдаған кезде барлық тәуекелдерді бағалаңыз. Кредит рәсімдеу алдында:
- кірістер мен шығыстарды ескере отырып, қаржылық мүмкіндіктеріңізді есептеу;
- кредит алу шартта белгіленген мерзімде қарыздың негізгі сомасын (кредитордан алынған сома) қайтару, сондай-ақ кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы, комиссиялар және басқа да төлемдер төлеу міндетін көздейтінін түсіну қажет.
Жоқ, құқылы емес. Үшінші тұлғалармен өзара іс-қимылға қарыз алушының орналасқан жерін және/немесе байланыс деректерін анықтау мақсатында ғана жол беріледі.
Заңнамада қызметкерлердің іс-әрекеттеріне шағымдана отырып, әңгімені аудиожазуға және қаржы ұйымына (банкке, МҚҰ-ға немесе коллекторлық агенттікке) жүгінуге рұқсат етілетінін хабарлаймыз.
Жауап: Кредитор (банк/МҚҰ) және/немесе коллекторлық агенттік заңмен белгіленген қатаң тәртіппен, оның ішінде саны мен уақыты бойынша телефон қоңырауларын шектей отырып, мерзімі өткен берешекті өтеу мәселесі бойынша өз қарыз алушыларына қоңырау шалуға құқылы.
Борышкермен немесе үшінші тұлғамен әрбір байланыс кезінде коллекторлық агенттіктің қызметкері:
- өзін таныстыруға (Т.А.Ә., лауазымы);
- ұйымның атауы мен орналасқан жерін атауға;
3) оның мүддесіне әрекет ететін кредитордың атауын хабарлауға (егер бұл коллекторлық компания болса міндетті.
Қорқыту, психологиялық қысым қолдануға, жаңылыстыруға немесе ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етуге тыйым салынады.
Қоңыраулардың уақыты мен жиілігі заңнамамен шектелген:
|
Санат |
Қоңыраулардың жиілігі |
Уақыты |
|
Екінші деңгейдегі банктер |
жұмыс күндері 3 ретке дейін, демалыс/мереке күндері 2 ретке дейін |
8:00-ден 21:00-ге дейін (жұмыс күндері), |
|
МҚҰ |
күніне 1 ретке дейін, тек жұмыс күндері |
9:00-ден 21:00-ге дейін |
|
Коллекторлық агенттіктер |
аптасына 3 ретке дейін |
8:00-ден 21:00-ге дейін, тек жұмыс күндері |
Қарыз алушы қоңыраудың аудиожазбасын жүзеге асыруға және қауіп төнген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен өзінің қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Кредиторға (банк/МҚҰ/коллекторлық агенттік) жүгініңіз және қаржылық қиындықтардың туындағанын (еңбекке уақытша жарамсыздық, жұмыстан айырылу, форс-мажорлық мән-жайлардың туындауы және т.б. туралы) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қарызды қайта құрылымдауға өтініш беріңіз.
- Банк/МҚҰ өтінішті 15 күн ішінде қарауға және жазбаша жауап беруге міндетті (келісім, қарсы ұсыныс немесе дәлелді бас тарту).
- Кредитордың шешімімен келіспеген жағдайда Сіз:
- егер қарызды банк берген болса, банк омбудсманына;
- егер қарызды МҚҰ берген болса, микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылысыз.
Омбудсманға жүгіну тегін.
Банк омбудсманының байланыс деректері:
Алматы қ., Айманов к-сі, 124, 301-кеңсе,
📞 +7 (771) 929-33-33, +7 (708) 983-30-16
сайт: https://bank-ombudsman.kz/
Микроқаржы омбудсманының байланыс деректері:
Алматы қ., Мыңбаев к-сі, 53, 321-кеңсе,
📞 +7 (727) 338-22-44, +7 (727) 338-22-25
сайт: https://mfombudsman.kz/
Омбудсманға жүгіну үшін қажетті құжаттар мен материалдар: өтініш, сауалнама, қарыз шарты және өтеу кестесі, кредиторға жүгінудің жазбаша дәлелі және алынған жауаптың көшірмесі, сондай-ақ қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттар.
Банктік қарыз шартын жасасу кезінде егер клиент өмірді немесе жазатайым оқиғалардан сақтандыру түрінде қосымша қаржылық қызметті таңдаса, онда банк клиентте өзі таңдаған сақтандыру ұйымының қызметтері бойынша ұсыныстар болмаған кезде олардың тарифтері мен сақтандыру шарттарын көрсете отырып, кемінде үш сақтандыру ұйымының қызметін ұсынады (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысының 8-2-тармағы).
Клиенттің әрбір шартпен келісімі жазбаша тіркеледі және оның қолымен расталады.
Осылайша, клиент өзі үшін оңтайлы шарттарды ұсынатын сақтандыру компаниясын дербес таңдауға құқылы.
Қазақстанда шетелдік тіркеуі бар автомобильдерді тек ел аумағында жүруге рұқсат етілгендерді, атап айтқанда:
- халықаралық жол жүрісінде жүрген;
- кейіннен есепке қою (тіркеу) үшін уақытша әкелінген;
- Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын ҚР азаматтарының пайдалануы үшін уақытша әкелінген автокөліктерді ғана сақтандыруға болады.
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының
1-тармағына сәйкес, көлік құралы, егер оны Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам пайдаланса және:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
2) Қазақстан Республикасында тіркелмесе;
3) Қазақстан Республикасына уақытша әкелінсе, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісінде деп есептеледі.
ҚР азаматтары, сондай-ақ шетелдік тіркеуі бар автокөлікті басқаратын шетелдіктер немесе ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар азаматтығы жоқ адамдар халықаралық жол жүрісінің қатысушылары болып саналмайды.
Бұл ретте, «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
66-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, мұндай автомобильдер әкелінгеннен немесе сатып алынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тіркелуге тиіс. Бұл жағдайда сақтандыру полисі 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімге ресімделеді
ҚР Конституциялық Сотының 03.12.2024 ж. № 54-НП нормативтік қаулысына сәйкес ҚР-да тіркелмеген, шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматына тиесілі және ҚР аумағында өзі пайдаланатын ҚР-ға уақытша әкелінген көлік құралы елде уақытша болу кезеңіне міндетті тіркеусіз пайдаланылуы және сақтандырылуы мүмкін.
Осылайша, Қазақстанда тіркелмеген шетелдік автокөлік, егер ол халықаралық жол қозғалысында болса немесе шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматы уақытша пайдаланса немесе кейіннен есепке қою (тіркеу) үшін уақытша әкелінсе, сақтандырылуы мүмкін. Бұл жағдайлар сақтандыру полисінің шарттары мен мерзімін анықтайды.
Коллекторлық агенттіктердің коллекторлық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Агенттік коллекторлық агенттіктерге коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару арқылы да ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады.
Бұдан басқа, Агенттік Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін санкция ретінде коллекторлық агенттікке де, оның жұмыскерлеріне де қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 211-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғауға құқылы.
Сонымен қатар, коллекторлық қызметті тиісті тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін, коллекторлық қызметтің құпиясын құрайтын мәліметтерді заңсыз алғаны, таратқаны үшін, сондай-ақ коллекторлық агенттіктер жұмыскерлерінің берешекті өндіріп алу кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
01.10.2025 ж. жағдай бойынша Қазақстанда 196 коллекторлық агенттік қызметін жүзеге асырады. Есептік тіркеуден өткен, жұмыс істеп тұрған коллекторлық агенттіктердің тізілімі Агенттік сайтындағы интернет-ресурста «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» деген бөлімде орналастырылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/230091?lang=ru
«Коллекторлық қызмет туралы» Заңның 5-бабына сәйкес борышкерлермен/үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттіктердің қызметкерлеріне қорқыту, қорлау, бопсалау, жаңылыстыру сияқты жосықсыз әрекеттерді қолдануға қатаң тыйым салынады, сондай-ақ коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуіне тыйым салынады.
КҚ туралы заңның 16-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес борышкер және (немесе) оның өкілі коллекторлық агенттіктің жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасасу процесін аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзі дербес тіркеуге құқылы.
Коллекторлық агенттіктің борышкерлермен/үшінші тұлғалармен берешекті өндіріп алу кезінде өзара іс-қимылының заңсыз фактілері анықталған жағдайда, борышкердің/үшінші тұлғаның Агенттікке шағыммен және растайтын құжаттармен жүгінуге құқығы бар. Коллекторлық агенттік тарапынан заңсыз іс-әрекеттер расталған жағдайда Агенттік коллекторлық агенттіктерге қатысты шаралар мен санкциялар қолданады.
2024 жылғы 1 қазаннан бастап коллекторлық агенттіктер борышкерлердің қайта құрылымдау, айыппұлдарды, өсімпұлдарды азайту немесе күшін жою, қарызды толық немесе ішінара кешіру бойынша берешек шарттарын өзгертуге арналған өтініштерін қарауға міндетті.
Көмек ала алатын қарыз алушылардың негізгі санаттары – қиын қаржылық жағдайға тап болған және кірістерінің төмендегенін растаған азаматтар.
Коллекторлық агенттіктер борышкердің берешекті өтеу мүмкіндігіне қарай жеке тәртіппен шарттарды жақсарту (борышты қайта құрылымдау) жөнінде шешімдер қабылдайды.