Жиі қойылатын сұрақтар

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 90-бабының 5-тармағына сәйкес (жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
Сақтандыру омбудсманы – бұл жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттері арасындағы дауларды сотқа дейінгі шешуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз тұлға.

Сақтандыру омбудсманы сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы) ретінде жеке тұлғалар немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері әрекет ететін сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады. Басқа заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына міндетті автосақтандыру шеңберінде ғана жүгіне алады. Сақтандыру омбудсманына оның Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28/7, 2-қабат мекенжайы бойынша орналсқан кеңсесіне тікелей жүгінуге болады. Сондай-ақ, өтінішті сақтандыру омбудсманының сайты (www.omb.kz) арқылы немесе оның электрондық мекенжайына: office@omb.kz жіберуге болады. Сонымен қатар, сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманына оның филиалы, өкілдігі арқылы немесе сақтандыру ұйымының сайтына жіберілuty өз клиентінің  өтінішін  қайта жіберуге міндетті.