Жиі қойылатын сұрақтар
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 34-бабына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңның 7-бабына сәйкес банкке/МҚҰ-ға жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес банктік қарыз/микрокредит шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, ал жеке тұлғаның ипотекалық қарыз шарты бойынша бір жүз сексен күн өткен соң есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) төлеуді талап етуге тыйым салынады.
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банктің/ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның мыналарды талап етуге құқығы жоқ
- берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде қарызды берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты сыйақыны, комиссияларды және өзге де төлемдерді төлеуді
- негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеуге
Сіз өз мүлкіңізді борышкердің міндеттемелері бойынша кепіл ретінде қоюға кепілдік бересіз бе? Онда сіз әрқашан келесі ықтимал тәуекелдердің басталу ықтималдығы бар екенін білуіңіз және естен шығармауыңыз қажет:
- Кепіл тоқтатылғанға дейін сіз өз мүлкіңізді басқара алмайсыз;
- Егер сіз кепіл беруші ретінде әрекет ететін борышкер банк алдындағы міндеттемені орындамаса немесе тиісінше орындамаса, онда банк кепілге салынған мүлікті өндіріп алуға құқылы;
- Борышкер қайтыс болған жағдайда, қарыз туралы мәселе оның мұрагері шешкенге дейін қалады және сақталады;
- Борышкер кепіл берушіні кредитті ресімдеу үшін өзінің жеке басының мақсатына пайдаланып, кейіннен кредитті төлеу бойынша міндеттемеден қашуы мүмкін.
Кепіл беруші, егер ол борышкердің міндеттемелері бойынша өз мүлкімен жауап беруге келіссе, онда оның кепілге салынған мүлкі борышкердің банк алдындағы төлем қабілеттілігіне және адал мінез-құлқына толық байланысты болатынын есте сақтауы қажет. Көп жағдайларда борышкер қарызды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындамай, қарызды төлеу бойынша толық немесе ішінара жауап беретін кепіл берушінің бар екенін біле отырып, кредитордан қашқақтауы мүмкін.
Сәлеметсіз бе! Бірінші, қандай мәселеге назар аудару керек – тіркелуі және белгілі бір қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы. Егер ұйым Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмесе, оған ақша салу тәуекелі өте жоғары болады.
Егер кірістілік туралы айтатын болсақ, онда жоғары (нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары) кірістілік – бұл алаяқтық схемаларының ықтимал белгілерінің бірі.
Қаржы пирамидаларының бірнеше белгілері бар, оларға назар аудару керек, олардың негізгілері:
1. Міндетті кіріс жарнасы;
2. Төлемдер алу үшін жаңа қатысушыларды тарту;
3. Кейіннен басқа салымшылар салған ақшадан жаңа қатысушыларға сыйақы төлеу;
4. Салынған қаражаттан негізсіз жоғары кірістілікке уәде беру;
5. Салынған қаражаттың сақталуына кепілдіктің болмауы;
6. Ұйым қызметінің түрі анықтамасының, оның жарғысының, ресми тіркелуінің болмауы;
7. Ұйымның қаржылық жағдайы туралы қандай да болсын ақпараттың болмауы;
8. БАҚ-ғы, интернеттегі өктем жарнама;
9. Әртүрлі бағдарламалардың қатысушыларына қымбат сыйлықтар тапсыра отырып, ойын-сауық жарнамалық шоу-таныстырылым науқандарын ұйымдастыру;
10. Кіріс көздерінің, қаражат айналымының, бизнес-процестердің айқын емес құрылымдары және басқасы.
Осылайша, егер сіз өз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілерді барлығы немесе бірнешеуі бар болса, сізді үлкен зиянға әкеп соғатын қаржы қақпанына тартуға әрекет жасап жатқан жоқ па деп ойлануыңыз керек.
№ 1 қадам.
Несиелік есептен сіздің атыңызға банктік несие немесе микрокредит берілген несиелік ұйымның атауын біліңіз. Барлық қол жетімді ақпаратты көрсете отырып, несиелік ұйымға өтініш жазыңыз. Егер сіздің құжаттарыңыз жоғалған болса-анықтаманы тіркеңіз. Несие берушіден қызметтік тергеу жүргізуді талап етіңіз.
Ұйым Сізге қарызды ресімдеу жөніндегі құжаттардың көшірмелерін, ақша аударылған шоттың деректемелерін ұсынуы тиіс.
№ 2 қадам.
Өтінішпен құқық қорғау органдарына хабарласуды ұмытпаңыз! Мұндай алаяқтық фактілерін тоқтату керек!
Сондай-ақ, жеке несие берген несие ұйымы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу периметрінде екенін анықтаңыз. Мұны қаржы реттеушісінің сайтында "Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі"бөлімінде тексеруге болады.
Құжаттарды ұсынудан бас тартқан жағдайда, сіз осы ұйымға қаржы реттеушісіне шағым бере аласыз.
№ 3 қадам.
Егер несиелік ұйым берілген несиені заңды деп санаса, мәмілені жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгініңіз. Егер сіз сотта жеңіске жетсеңіз, несиелік ұйым:
- сізден қарызды төлеуді талап етуді тоқтатыңыз;
- қарызды есептен шығару;
- кредиттік бюроға сіздің кредиттік тарихыңыздан басқа біреудің қарызы бойынша ақпаратты алып тастау туралы хат жолдау.
Коллекторлық агенттікте шоттарды «бұғаттау» құқығы жоқ. Борышкерлердің банк шоттарына шектеулерді жеке сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу шеңберінде немесе банк егер мұндай шартта көзделген жағдайда, төлем талаптарын ұсыну арқылы ұсынуы мүмкін.
1. Әкелген клиенттер үшін сыйақы
Егер сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақшаны салмау үшін және барлық таныстарды осындай тәуекелді іс-шарадан бас тартқызу үшін жеткілікті негіз болып табылады.
2. Нарықтық деңгейден бірнеше рет асып түсетін жоғары кірістілікке кепілдік беру
Түрлі «инвесткомпаниялар» кірістілікке кепілдік бере алмайды, бұған заңнамалық тұрғыдан тыйым салынған. Егер біреу кепілдік берсе, ол - алаяқ деген сөз. Басқаша болмайды!
3. Қажетті лицензиялардың болмауы
Компания ақшалай салымдарды халықтан тартады немесе қор нарықтарына инвестициялауды ұсынады, бірақ оның қолында лицензиясы жоқ, бұл ретте онымен байланысу керегінің бар-жоғы жөнінде мықтап ойланыңыз. Мұндай ұйымдар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында емес, яғни сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді ешкім қорғай алмайды.
4. Кіру жарнасының болуы: ресімдеуге, оқытуға, акциялар және т.б. үшін
Әдетте, бұл жарна пирамиданы ұйымдастырушылардың негізгі кірісі болып табылады, сондай-ақ қаржы пирамидасына тән айқын белгі.
5. Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы
Компанияның қолда бар мүлкі мен активтерін нәтиже ойдағыдай болып шықпаған жағдайда сатуға және салынған ақшаны ішінара қайтаруға болады. Ал қаржы пирамидаларында мұндай активтер болмайды.
6. Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы
Пирамидаларда салымшылардың өздігінен басқа клиенттері жоқ. Сізге өнім берушілерді, мысалы, басқа бизнес-серіктестерді ешқашан көрсетпейді.
Егер компания кез-келген сылтаумен ақпарат беру, тіпті құжаттармен танысу мүмкіндігінен бас тартса, инвестицияланған ақшаны алу одан да қиын болатыны айдан анық.
7. Төлемдер тек қолма-қол ақшамен қабылданады
Егер компания осылай жасаса, онда бұл ұйымға сенбеуге барлық негіз бар, өйткені ол ақша қозғалысының бақылануынан барынша қашады.
8. «Шартқа» ойланбай қол қоюды ұсынады
Асығыс шешім қабылдамаңыз! Шарттың үлгісін қолға беруді сұрап, онымен үйде асықпай танысып шығыңыз. Егер оның жекелеген ережелері қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына Сізде қандай құжат қалатынын қараңыз. Оның заңды күші бар ма?
Қаржыпирамидасынқалайтануға болатындығы туралы қосымшаақпаратты мына жерден қараңыз