Жиі қойылатын сұрақтар
Тараптардың келісімі бойынша зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушының өмір сүруіне қарамастан кепілдендірілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мүмкіндігін көздеуі мүмкін.
№45 және №194 Қаулылардың 11-тармағына сәйкес, сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, кепілдендірілген сақтандыру төлемдері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаның пайдасына, ал ондай тұлға болмаған жағдайда – сақтанушының мұрагерлеріне төленеді.
Мұрагерлікке өтуге жатпайтын құқықтар мен міндеттемелерге мұра қалдырушының жеке басымен тығыз байланысты құқықтар жатады, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес берілетін зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар және өзге де төлемдер.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері сақтанушының мұрагерлік мүлкіне кірмейді және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Азаматтық кодексінің 806-бабының 6-тармағына сәйкес ерікті сақтандыру – тараптардың ерік білдіруіне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады. Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шарты — бұл сақтандыру түрлерін, шарттары мен тәртібін сақтандыру компаниясы мен сақтанушы тікелей айқындайтын тараптардың еркі бойынша жасалатын келісім. Мұндай шарт тәуекелдердің кеңейтілген тізімін (мысалы, автомобильдің өзіне келтірілген залал, ұрлық, өрт және басқалар), сондай-ақ Тараптар өздері келісетін қосымша қызметтер мен шарттарды қамтуы мүмкін. Ерікті сақтандыру Азаматтық кодекстің нормаларымен және сақтандыру ұйымдарының ішкі қағидаларымен реттеледі. Қазақстанда көлік иелерінің екі негізгі сақтандыру түрі бар – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және КАСКО. Міндетті сақтандыру – бұл жүргізушінің үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сақтандыру. Яғни, егер жүргізуші жол-көлік оқиғасының (ЖКО) себепкері болса, сақтандыру компаниясы зардап шеккен тарапқа келтірілген зиянды өтейді. Алайда, өзінің көлігіне келтірілген залалды жүргізуші өзі өтейді. Егер полис болмаса, бөтен мүлікті қалпына келтіру бойынша барлық шығын апатқа кінәлі тұлғаның өзіне жүктеледі. Бұл полиссіз жолға шығуға тыйым салынады, ал онсыз көлік жүргізу айыппұл салуға әкеп соғады. «КАСКО» — көп адам ойлағандай аббревиатура емес. «КАСКО» сөзі испан тілінен (casco – дулыға) немесе голланд тілінен (корпус) деген мағынаны білдіреді. КАСКО – бұл көлікті ерікті сақтандыру түрі, ол сіздің көлігіңізге келтірілген залалды өтейді, ал көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру — үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті жабады. Бұл ерікті автосақтандыру түрі түрлі күтпеген жағдайлар кезінде – жол апаты, ұрлық, өрт немесе табиғи апаттар салдарынан көлікке келтірілген залалдан немесе оны жоғалтудан қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы шартта көрсетілген талаптарға сәйкес көлікке келтірілген зиянды өтейді немесе жөндеуді өз міндетіне алады.
КАСКО полисін сатып алмас бұрын, бұл сақтандыру түрі бойынша қандай тәуекелдер өтелетінін мұқият зерттеу қажет екенін естен шығармау керек. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000446_
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру омбудсманы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылады:
1) сақтандыру ұйымдары арасында міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын;
2) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.
Cақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері барлық сақтандыру түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптар сомасы айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс
| Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін сақтау және ұйымның дербес деректер туралы заңнаманы сақтауына тексеру жүргізу мәселесі бойынша. 21.05.2013 ж. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. |
КҚИ АҚЖМ туралы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (айлық есептік көрсеткіштерде)мынадай мөлшерді құрайды: 1) әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені және: қайтыс болуына әкеп соқтырғаны үшін - 2000;
мүгедектікті белгілеуге әкеп соқтырғаны үшін:
бірінші топ - 1 600;
екінші топ - 1 200;
үшінші топ - 500;
мүгедектігі бар бала - 1 000;
мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы-амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге арналған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайтын мөлшерде;
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден аспайтын мөлшерде;
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден аспайтын мөлшерде. Бұл ретте барлық жәбірленушілерге сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 2 000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиян дәрежесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Банктер туралы Заңның 36-бабына сәйкес төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шара ретінде, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-ұстауға арналған алименттерді, а заматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарын төлеуді, инвестициялық шығындардың өтемақысын есептеуге арналған ақшаны, білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша халықтың жинақтау салымдарын қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында айтылған жағдайда) даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуды қолдана алады. 01.01.2017 ж. бастап қарыз алушы – жеке тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша төлем талабын қою арқылы берешегін өндіріп алу оның банктік шотындағы ақша сомасының елу пайызы және (немесе) кейіннен төлем талабын толық орындау үшін қажет қарыз алушының банктік шотына түсетін әрбір ақша сомасының шегінде шектеледі және банк шотына барлық соманың түсуін күтпей жүзеге асырылады. 24.09.2019 ж. бастап жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.
| Қарыз алушы - жеке тұлға банктің және/немесе МҚҰ кредитті реттеуден/қайта құрылымдаудан бас тарту туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде, сондай-ақ БҚШ/МКШ шарттарының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде өзінің кредиторын бір мезгілде хабардар ете отырып, банктік не микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы. Өтінішке банкке/МҚҰ-ға жазбаша өтініштің дәлелі және кредитордың БҚШ/МКШ талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбегені туралы жауабы қоса берілуі қажет. Омбудсман «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша өтінішін қарау кезеңінде кредитордың кепілге қойылған мүлікті сотқа талап қою не соттан тыс тәртіппен өндіріп алуына жол берілмейді. |
Банктер туралы заңның 36 және МҚҚ туралы заңның 9-2-баптарында берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты кредитор қолданатын шаралар көзделген. Мәселен, Қарыз алушы мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жазбаша өтінішпен немесе кредиттік шартта жазылған өзге де тәсілмен қарызды қайта құрылымдау үшін кредиторға жүгінуге құқылы. Өтініште қарыз алушы кешіктірудің не себепті туындағанын көрсетуі, ықтимал қайта құрылымдаудың өз нұсқаларын ұсынуы және кірісінің азайғанын, қиын әлеуметтік жағдайын, қиын өмірлік жағдайын, өзінің кредиттік міндеттемелеріне қызмет көрсету мүмкін еместігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Кредитор қарыз алушы - жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде банктік қарыз/микрокредит (БҚШ/МКШ) шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және жазбаша нысанда:
1) ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
2) өзгерту жөніндегі өз ұсыныстарын ;
3) осындай бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, шарттарды өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды.
Кредиторлар қарыздарды өтеуде қиындықтарға тап болған қарыз алушыларға қатысты қолдау шараларын енгізу мәселелерін, қарыздарды қайта құрылымдау туралы мәселелерді қарау кезінде әрбір қарыз алушыға жеке тәсілді қолдана отырып, әрбір нақты жағдай бойынша олардың ішкі саясатына сәйкес шешімдер қабылдайды.
| Банктердің, банк қызметтерінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 56 қаулысының 2-тарауының 8-тармағына сәйкес сәйкестендірілетін адамның ағымдағы бейнесінің дұрыстығы және ағымдағы бейнені ауыстыруды болғызбау жөніндегі нормалар регламенттелген сәйкестендірілетін тұлға кескіннің дұрыстығын тексеру рәсімі жүзеге асырылған кезде жүзеге асырылады, кадрда визуалды өзгерістер жасауға бағытталған кемінде үш сигналды және (немесе) командаларды сәйкестендірілетінге жіберуді, одан кейін онда бағытталған сигналдар мен командаларға сәйкессіздіктерді анықтау мәніне бейне ағынын талдауды қамтиды. |
Сақтандыру қызметі туралы заңның 3-бабының 16) тармақшасына сәйкес сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру қызметі туралы заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiктерi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады. Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді жеке өзі жасайды және оларды жасауды өзге тұлғаға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес. Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi. ҚР АК 846-бабына сәйкес тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.
Осылайша, сақтандыру агентінің сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметі заңнаманың жоғарыда келтірілген ережелерін ескере отырып жасалған тапсырма шарты негізінде жүзеге асырылады.