Жиі қойылатын сұрақтар
2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап микрокредит беру туралы шарттар бойынша азаматтардың дауларын, оның ішінде микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу мәселелерін, коллекторлық агенттіктерге берілген шарттар бойынша дауларды қарайтын микроқаржы омбудсман институты іске қосылды.
Микроқаржы омбудсманының шешімі микроқаржы ұйымы, қарыз алушы – жеке тұлға қабылдаған жағдайда қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген тұлға үшін міндетті.
Микроқаржы омбудсманына Жүгінер алдында қарыз алушы өзінің кредиторына жүгінуі тиіс.
Омбудсман соттың қарауына қабылданған және/немесе заңды күшіне енген сот актісі бар, сондай-ақ істің жаңа мән-жайлары болмаған кезде қайта жіберілген өтініштерді қарамайды.
Микроқаржы омбудсманы Естеусізова Назгүл Харасова болып табылады.
Микроқаржы омбудсменіне телефон арқылы хабарласуға болады (+7-727-338-22-44, +-727-338-22-25), онлайн ӨТІНІШ ЖАЗУ-https://mfombudsman.kz/#form. электрондық поштаға жазыңыз info@mfombudsman.kz.
Микроқаржы омбудсманының мекенжайы: Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 53 ғимарат, 3 қабат, 321 кеңсе.
Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес Агенттік қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік реттеу және бақылау туралы заңның 15-1-бабында көрсетілген қаржылық емес ұйымдарды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Өз кезегінде, бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес Агенттік мемлекеттік реттеу туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, қаржы ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, банк конгломераттарын және (немесе) сақтандыру топтарын әкімшілік іс қозғайды не өзге де шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықты шектеу шараларын қолданады.
Банк омбудсманының мекенжайы: 050013, Алматы қ., Айманов к-сі, 124, офис 301, телефоны: +7 (727) 983-30-16, +7 (708) 983-30-16; E-mail: office@bank-ombudsman.kz
Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдары сияқты нарықтың заңды қатысушыларына тиісінше Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын әзірледі.
Бұл Нормативтік құқықтық актілерде алаяқтардың клиенттің тікелей қатысуынсыз клиенттің атына кредит ресімдеуге немесе оның ақша алуына жол бермейтін қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерінде, интернет-ресурстарында және мобильді қосымшаларында ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар айқындалған.
Алаяқтар біздің атымызға кредит ресімдеу немесе ақша алу мақсатында телефон соғады, себебі біз тікелей қатыспасақ, олар біздің атымызға кредит ресімдей алмайды. Алаяқтар біз тікелей қатысқанда, яғни олар бізге қоңырау шалғанда, олармен сөйлесу барысында ғана атымызға кредит ресімдеп, шоттарымыздан ақша алады. Біздің қатысуымыз қажет болмаса, алаяқтар бізге қоңырау шалмай-ақ сырттай біздің атымызға кредит ресімдеп, шоттан ақшаны алатын еді.
Қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін телефон арқылы белгісіз адамдармен қаржылық мәселелер бойынша сөйлеспеңіз.
Банктердің, банк қызметтерінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 56 қаулысының 2-тарауының 8-тармағына сәйкес сәйкестендірілетін адамның ағымдағы бейнесінің дұрыстығы және ағымдағы бейнені ауыстыруды болғызбау жөніндегі нормалар регламенттелген сәйкестендірілетін тұлға кескіннің дұрыстығын тексеру рәсімі жүзеге асырылған кезде жүзеге асырылады, кадрда визуалды өзгерістер жасауға бағытталған кемінде үш сигналды және (немесе) командаларды сәйкестендірілетінге жіберуді, одан кейін онда бағытталған сигналдар мен командаларға сәйкессіздіктерді анықтау мәніне бейне ағынын талдауды қамтиды.
Кредиттік тарихта көрсетілген ақпаратқа дауласу тәртібі КБ туралы заңның 31-бабында, атап айтқанда, аталған баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленген:
- ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi (дауды шешу туралы) алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндетті;
- кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi;
- егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге Кредиттік бюролар туралы заңның 31-бабының 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
Сақтандыру қызметі туралы заңның 3-бабының 16) тармақшасына сәйкес сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру қызметі туралы заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiктерi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады. Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді жеке өзі жасайды және оларды жасауды өзге тұлғаға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес. Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi. ҚР АК 846-бабына сәйкес тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.
Осылайша, сақтандыру агентінің сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметі заңнаманың жоғарыда келтірілген ережелерін ескере отырып жасалған тапсырма шарты негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 11-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесіне міндетті түрде қатысуы көзделген.
Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Заңының 7-бабы 2-1-тармағына сәйкес, кепілдік берілетін сақтандыру түрлерінің қатарына зейнетақы аннуитеттік сақтандыру кіреді.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған сақтандыру ұйымы таратылған немесе лицензиясынан айырылған жағдайда, Қор мұндай шарттар бойынша сақтандыру төлемдерінің үздіксіз және уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сақтандыру портфелі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілгенге дейін, төлемдер уақытша әкімшілік арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтары Қор арқылы мемлекеттік кепілдікпен қорғалады. Сақтандыру компаниясы таратылған жағдайда сақтандырылған тұлғалар алдындағы сақтандыру төлемдері бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалады.
Қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғауды күшейту және сақтандыру шарттарын жасасу талаптарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 842-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес, сақтанушы – жеке тұлға – өз міндеттемелерін несие беруші алдында орындауына (несиені мерзімінен бұрын өтеуіне) байланысты несие шартымен байланысты сақтандыру шартынан бас тартқан жағдайда, сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын келесі шегерімдермен қайтаруға міндетті:
- сақтандыру қамтуы әрекет еткен кезеңге пропорционалды сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі;
- сақтандыру шартын бұзуға байланысты шығындар (төленген сақтандыру сыйлықақысының 10%-ынан аспауы тиіс).
Қосымша түсіндірме ретінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 403-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес, шарт бұзылған жағдайда тараптардың міндеттемелері тоқтатылады. Шарт бойынша орындалған әрекеттер тек заңнамада немесе тараптардың келісімінде тікелей көзделген жағдайда ғана қайтарылуы мүмкін.
Осылайша, банктік несие мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, егер сақтандыру жағдайы туындамаған болса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруға құқылы.
№136 Қаулының 19-тармағына сәйкес, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аса мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы - жеке тұлға банкке оңалту рәсімін өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, банк қарыз алушы - жеке тұлғаның оңалту рәсімін өткізу туралы өтінішін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарайды. Қарыз алушы - жеке тұлғаның өтінішін банктің өтініштердің осындай түрін қарауға уәкілетті органы қарайды. №136 қаулының 10-тармағына сәйкес БҚШ-ға қызмет көрсету кезеңінде банк клиенттің (қарыз алушының) сұратуы бойынша сұратуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді береді: 1) банкке төлеген ақша сомасы; 2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болған кезде); 3) борыш қалдығы; 4) кезектегі төлемдердің мөлшері мен мерзімдері; 5) кредиттеу лимиті (бар болған кезде).
Сондай-ақ, №136 қаулының 12-тармағына сәйкес клиенттің өтініші бойынша банк 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына 1 (бір) реттен жиі емес жазбаша нысанда БҚШ бойынша берешекті өтеу есебіне келіп түсетін клиенттің (қарыз алушының) ақшасын бөлу туралы ақпаратты тегін береді. Осылайша, қарыз алушы растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өзінің ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайын ескере отырып, өзара қолайлы талаптарда қарызды қайта құрылымдау (талаптарды өзгерту) туралы тиісті өтінішпен, сондай-ақ қарыздың қалдығы және қарызды өтеуге Сіз енгізген ақшаны бөлу туралы ақпарат алу үшін кредитор банкке жүгінуге құқылы.