Жиі қойылатын сұрақтар
№14 Қаулыға 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес жәбірленушіге (пайда алушыға) немесе олардың өкілдеріне зиян мөлшерін есептеу нәтижелеріне дау айту КҚИ АҚЖС туралы заңның 29-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) жазбаша нысанда талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не СҚ туралы заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
Осылайша, ҚР сақтандыру нарығында өз қызметін сақтандыру омбудсманы жүзеге асырады, ол өз қызметінде тәуелсіз тұлға болып табылады, оның функцияларына өзара қатынастарды реттеу және сақтанушылар мен сақтандыру ұйымдары арасындағы сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды соттан тыс шешу кіреді.
Сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымынан тәуелсіз есептеулер жасайды, оның ішінде бағдарламалық кешендер арқылы
Азаматтар үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну өтеусіз болып табылады және омбудсманның шешімдері сақтандыру ұйымдары үшін орындалуға міндетті
СҚ туралы заңның 90-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін ғана сотқа жүгінуге болатынына назар аударамыз.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау арқылы салымшы өзінің сақтандыру сыйлықақысы түріндегі зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына (бұдан әрі – ӨСК) беріп, оның орнына ӨСК-ден өмір бойғы төлемдер алу құқығына ие болады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 226-бабының 8-тармағына сәйкес басқа ӨСК-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, бірақ ол жасалған күннен бастап екі жылдан кейін сақтанушының бастамасы бойынша ғана зейнетақы аннуитеті шартын бұзуға болады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 226-бабының 13-тармағына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдар оны жасасқан күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша оған өзгерістер енгізілген күнгі сатып алу сомасы және зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнгі осы Кодекстің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең болады.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты заңды күшіне енгеннен кейін оны бұзудың не ақшаның бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтарудың өзге де талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген.
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 90-бабының 5-тармағына сәйкес (жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.
|
Сақтандыру қызметі туралы заңның 3-бабының 16) тармақшасына сәйкес сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру қызметі туралы заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiктерi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады. Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді жеке өзі жасайды және оларды жасауды өзге тұлғаға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес. Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi. ҚР АК 846-бабына сәйкес тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады. |