Ақсуат — Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл, аудан және Ақсуат ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Облыс орталығы - Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 342 км жерде, Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік-батысында, Қарабұға өзенінің сол жағалауындағы шөлейтті белдемде орналасқан. Ауылға ең жақын темір жол стансасы - Жаңғызтөбе (295 км жерде).
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[
| 1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
| 7503 |
▼ 6126 |
▲ 7183 |
117,3 |
3025 |
▲ 3617 |
119,6 |
3101 |
▲ 3566 |
115 |
Тарихы
Іргесі 1929 жылы ұжымдастыру кезінде қаланған. 1963-1995 жылдары Ақсуат кеңшарының орталығы болған. 1995 жылы шаруа қожалықтары құрылған. Ақсуаттың аты екі сөзден шыққан: ақ және суат.
Инфрақұрылымы
Баспахана, орта мектептер, аурухана, өлкетану мұражайы, аудандық мәдениет үйі т.б. мекемелер бар. Ақсуат арқылы Аягөз — Көкпекті — Қалбатау — Жаңғызтөбе автомобиль жолы өтеді.
Климаты
Ақсуаттың климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедері де әсер етеді.
Ақсуаттың жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орташа температурасы – 22°С, - 30°С, шілдеде + 25°С, + 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, көбі қыс айларында түседі.