Денсаулық
Медицина саласы бойынша ауылымызда 6 учаскелік амбулатория жұмыс жасайды. Онда 6 - дәрігер орта буынды, 18 - медицина қызметкері жұмыс істейді. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. 2023 жылдың 10 айында 22 адам қайтыс болып, 134 бала дүниеге келген. Онкологиялық аурулармен 12 және туберкулезбен 5 адам тіркеуге алынған. Бұл адамдарға тиісті медициналық көмектер көрсетіліп отыр.
Сонымен қатар биылғы жылы жаңадан медициналық құрылғылармен жабдықталды
- «СИПАП»-шала туған нәрестелердің тыныс алуын жақсарту аппараты
- «Электрсорғыш» -ота жасау уақытында ағзадағы сұйықтықтарды соруға арналған аппарат.
- Цифрлы флюрография-заманауи жетілген аппарат.
- «Видеоларенгоскоп»-наркоз уақытында бронхыға трубка қою жұмыстарын монитормен көру арқылы жүргізу.
- Монитор прикроватный-науқастың артериальдық қан қысымы, тыныс алу, жүрек қағысын монитор арқылы көру
- «Фетальный монитор» – іштегі жатқан баланың жүрек соғысын, салмағын жалпы баланың денсаулығын бақылайтын аппарат.
- «Креслокравать трансформер» жүкті аналарды босандыруға арналған аппарат