Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құрылыс және ТҮКШ

Құрылыс және ТҮКШ

 

 Жолдар бойынша;

 

Биылғы жылы ауылымыздағы 6,5 шақырым айналма жолды орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға 54 млн 983 мың тенге бөлініп, жұмыстар атқарылды. Мердігер «ПМК Құрылыс» ЖШС.

Айналма жолға қосылатын 5 көшенің (Сейфуллин – 220м, Абылайхан – 300м, Молдабай – 760м, Кәрібай – 250м, Рысқұлов – 470м) негізін көтеру, кескінін түзеу, нығыздау т.б. жұмыстары атқарылды.

 

        «Ақсуат – Шыбынды – Бәкей - Қарасу» - Училище 0 - 3,0 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 83 млн 328 мың теңге қаржы бөлініп,  қазіргі таңда  Ақсуат- Ескі Училище  жолының  3  шақырым  жолына  асфальт жамылғысы төселді. Мердігер «ПМК Құрылыс»ЖШС.

 

Қ.Сатпаев көшесін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер тротуары жылжытылды.

 

Сонымен қатар:

 

2024 жылға жоба бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына Ақсуат ауылының атауы жоқ көшесінің 5,2 асфальт жамылғысын төсеуге және атауы жоқ көшелердің 4,8 шақырым  жолдарының ойылған жерлеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін смета әзірленуде.    

 

 Су құбыры желілері бойынша;

 

475 тұрғын үйге таза су бағдарламасы бойынша су кірді. Орнатылуға тиіс 90 гидранттың 70 - і орнатылды және 20 гидрантты ескі су құбырлар желісіне орнатылатын болады.

 

«Ақсуат ауылындағы кәріз желілерін қайта жаңарту (үйге жеткізу)» жұмыс жобасы бойынша 15.03.2022 жылы № KAZENG-0011/22 санды сараптама қорытындысы алынған. Жобаның құны  1 115 026,0  мың. теңге. Абай облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына 2024 жылға бюджеттік өтінім өткізілді.

 

Құрылыс нысандары бойынша.

 

Орталық стадионға күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарына 175 млн теңге бөлініп мердігер Айзат ЖШС болып танылды. Жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

Құны 300 млн теңге болатын  К.Нұрбаев атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер «Имам»  ЖШС-і.  

 

«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 120 млн 300 мың теңге болатын Ақсуат мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, мердігер «Каз трейдинг Инновация»ЖШС.

 

 

Ақсуат ауылының Т.Ұранхаев, Қожамқұлов, Абылайхан, А.Байқыдыров көшелерінің бойына балалар ойын алаңдарымен шағын футбол алаңдарын салу үшін конкурс өткізіліп, жеңімпаз болып «Фортуна групп» фирмасы танылды. Жоба құны 67 млн теңге. Қазіргі таңда аталған жұмыстар толықтай аяқталды.

 

Ақсуат ауылының жарық бағаналарын бояу үшін конкурс өткізіліп, жеңімпаз болып ЖК «Жеті қазына» танылды. Жоба құны 890000 теңге. Бүгінгі күні бағаналарды бояу жұмыстары толығымен аяқталды. Қабанбай, Абылайхан, Төлегетай, Бәйдібек, Байыс, Жолымбет, Сейфуллин, Сатпаев көшелерімен, Мұрын Ана саябағы және орталық алаңның 279 темір, 108 бетон бағаналары боялды.

 

Көше жарықшамдары ауыстырылды, барлығы 120 дана. 2800м кабель айырбасталды.

 

Жаңаауыл ауылындағы жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр желілерін тарту және трансформатор ауыстыру жұмыстарына 11 млн 919 мың тг бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.

 

3,6 млн теңгеге 50 дана қатты қалдық төгетін контейнерлер сатып алынды. Мердігер ЖК “Берік” Қазіргі уақытта осы контейнерлер қойылатын мекемелер, базар, сауда дүкендері және адамдар көп шоғырланған нысандарға қою сызбасы жасалуда. Мердігер ДК Проект.

 

Қазіргі уақытта 5 млн теңгеге ауыл ішінде қордаланып қалған қатты қалдықтарды шығару, 1 млн 600 мың теңгеге ескі моншаның орнын тазалау және Бөртостаған мөлтек ауылындағы шағын футбол алаңына ағымдағы жөндеу жобалары конкурсқа берілді.

 

 

Тұрғын үй бойынша

 

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жалгерлік – коммуналдық екі пәтерлі 28 тұрғын үй салынып, кезекте тұрған 13 көп балалы отбасына, 10 аз қамтылған отбасына, 4 тұрғын үйлері апатты деп танылған отбасына, 1 дәрігерге  бұл үйлердің кілті табысталды. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға арналған жалгерлік – коммуналдық екі пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын аяқтау қараша айына жоспарлануда.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы