
Білім саласы
«Балдырған» ясли-бақшасы
Ақсуат ауылындағы «Балдырған» ясли-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 140 орындық балаларға арналған. Балалардың ясли – бақшадағы қамтылуы бойынша топ саны – 6.
Балабақшаға балалар 2-жастан 5 жасқа дейін электронды тіркеу портал кезегінен жолдама арқылы қабылданады.
“Балдырған ” балабақшасында 49 жұмысшы-қызметкер қызмет етеді. Олардың ішінде 19 педагог. Модернатор -5. Зертеуші 1. Сарапшы -2. Барлық педагогтар білім жетілдіру курстарынан өткен. Балдырған ясли-бақша ұжымы көптеген қоғамдық шараларға және өз саласына байланысты сайыстарға қатысып, біршама жетістіктерге жетуде.
«Ақбота» балабақшасы
«Ақбота» балабақшасы онда 22 адам жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде 12 педагог. 90 бала тәрбиеленуде.
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі
“К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында мектепте 104 мұғалім бар. Олардың 3-і педагог шебер, 13-і педагог зерттеуші, 22-і педагог сарапшы, 19-педагог модератор, 3-жоғары санатты, 5-ы І санатты, 5-і ІІ санатты ұстаздар.
2022-2023 оқу жылында 814 оқушы болды, білім сапасы 59,2%. 11 сыныптар бойынша 51 түлек мектеп бітіріп, 28 түлек жоғарғы оқу орнына түсті, 9 оқушы колледждің грант иегерлері болды. Мектеп бітірушілердің грантқа түсу 72,5% құрайды. 9 сыныптар бойынша 88 оқушы бітіріп, 20 оқушы колледждің грант иегері болды. Мектеп бітіруші түлектердің 9-і үздік аттестат иегері болды.
Қожагелді батыр атындағы орта мектебі
2023-2024 оқу жылында Қожагелді батыр атындағы орта мектебінде 108 педагог қызметкер еңбек етуде. Олардың 3-і педагог шебер, 21-і педагог зерттеуші, 17-і педагог сарапшы, 32-педагог модератор, 10-жоғары санатты, 4-і І санатты, 5-і ІІ санатты ұстаздар. 9 магистр, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты бар. Оқу жылында 940 оқушы болды
Мектеп бітіруші 31 түлек ҰБТ 100 пайыз қатысты. Бітіруші түлектердің 1 алтын белгі иегері. 6 үздік аттестат иегері, 25 (80%) түлек ЖОО грант иегері атанды.
Мектеп жанындағы интернат ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары 41 млн. 500 мың теңгеге жүргізіліп жатыр.
М.Имашев атындағы спорт мектебі
Бүгінгі күні мектепте спорттың 7 бөлімі жұмыс істейді, онда 656 жас спортшылар тәрбиеленуде.
Бокс пен дзюдо күресі бойынша 9 оқушы спорт шеберлігіне үміткер атағын орындады. Оқу жылында оқушыларға берілген разрядтар:
35 оқушыға - II разряд
45 оқушыға-ІІІ разрад Жиыны 80 оқушы
34 жаттықтырушы-оқытушы қызмет атқарады: оның ішіне Бокс, дзюдо, футбол, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және жекпе-жек кіреді.
Жаттықтырушы-оқытушылардың 2-жоғары санатты, 12-бірінші санатты,
15-екінші санатты мамандар жұмыс атқарады. Бір жаттықтырушы-оқытушы бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, бір жаттықтырушы-оқытушы қазақ күресінен Халықаралық Дәрежедегі Спорт Шебері, бір жаттықтырушы-оқытушы тоғызқұмалақтан бірінші санатты дәрежедегі ұлттық төреші, бір тәрбиеші Қазақстан Республикасы әскери самбодан спорт шебері жәнеде Спорт Шеберлігіне Үміткер спортшылар қызмет атқарады.
А.Байқыдыров атындағы саз мектебі
А.Байқыдыров атындағы саз мектебінде 17 мұғалім 260 оқушы бар. Мектепте домбыра, домбыра прима, қобыз, баян, ән және би, шертер, жетіген сыныптары үйірмелері бар.
Ақсуат балалар өнер мектебі
2023 – 2024 оқу жылында Ақсуат балалар өнер мектебінде 10 мұғалім 140 балаға сабақ беруде. Сурет, кескіндеме, мүсін, станокты композиция, қолданбалы композициция, компьютерлік графика және дизайн, бейнелеу өнер тарихы пәндері оқытылады.
Ақсуат колледжі
Ақсуат колледжінде 2023-2024 оқу жылында 40 инженер- педагог бар, оның ішінде 15-і өндірісте оқыту шебері. Жалпы қызметкерлер саны -79.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын механикаландыру, Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, Ветеринария, Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандықтары бойынша 279 студент білім алуда. 2022-2023 оқу жылында 71 студент бітіріп, жұмысқа орналасу көрсеткіші 94.2% құрады.
Колледжде 5 арнаулы және 9 жалпы білім бойынша пән кабинеттері, 3 шеберхана, 1 лаборатория, асхана жұмыс істейді.
Колледж жанында 120 орынға арналған жатақхана бар.