Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет және спорт саласы

Мәдениет және спорт саласы.

 

«Ақсуат мәдениет үйі» шығармашылық орталығы мәдениет пен өнердің түрлі саласындағы проблемалармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол, кәсіби өнер ұжымы болып саналады.  

  Ауылдық округтер бойынша тұрғындар арасында отандық музыкалық өнімдерді насихаттау, түрлі тәрбиелік бағытта жыл басынан 260  мәдени-  көпшілік шара өткізілді.  

  Биыл 10-шы рет  Халықаралық «Тұғыры биік - Тарбағатай» спорт және өнер фестивалі, Әлем спортындағы бірегей өнер, ұлтымыздың ұлы спорты  Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы әлемдік Гран-При бәсекесінің ашылу салтанатында Ақсуат халық театры «Әулие Ырғызбай» атты көрінісін қойып, көрермен көңілінен шығып, қошеметке бөленді.

Шілде айының 3-5 күндері Ақсуат ауданы өнерпаздары  Алакөл жағалауындағы демалушыларға арналған «Алакөл – Alazone» алаңында  концерт берді.

Аудан халқының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Субұрқақ басында өтетін «Ашық микрофон» мерекелік думаны әр апта сайын ұйымдастырылып отырылды.

2-5 қараша күндері Ақсуат ауылындағы М.Имашев атындағы спорт мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ССР-ның озық қызметкері болған, Ақсуат бокс мектебінің әлемге танылуына жол ашқан мықты боксшы ұрпақ тәрбиелеген Ильясов Әшкен Ильясұлын еске алуға арналып, бокстан республикалық турнир жалауын желбіретті. Оған еліміздің Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Алматы облыстарынан және Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінен, Семей, Аягөз қаласынан, Бородулиха, Үржар, Ұлан, Ақсуат аудандарынан 14 салмақ дәрежесі бойынша 138 боксшы қатысты.

Ағымдағы жылдың 26 қазан күні Ақсуат ауылының Абылайхан көшесінің бойында шағын футбол алаңының салтанатты ашылуы болып, спорт ардагері  Имашев Аманбек Лензатұлының атынан турнир өткізіліп, шағын футболдан жарыс өтті.

Ақсуат ауданының қайта құрылуына 1-жыл толуына орай, 15 қыркүйек - 25 қазан аралығында спорттың 17 түрінен Ақсуат аудандық спорт фестивалі өтті,   Ауылдық округтердің әртүрлі спорт жарыстарындағы жалпы ұпай санын саралай келе жалпы командалық есеп бойынша  1-орынды Ақсуат ауылдық округі жеңіп алды. Осы аудандық спартакиада елдігімізді, береке-бірлігімізді кезекті мәрте әйгіледі. Ұтымды ұйымдастыру мен қызықты сәттер спартакиаданы жыл сайын ел-жұрт асыға күтетін дәрежеге жетелейді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы