1. Қандай жағдайларда банктер салық органдарына жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы ақпаратты береді?
Жауабы: Егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына 100 және одан да көп әртүрлі жеке тұлғалардан ақша түссе және түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (2026 жылы 1 млн 020 мың) асатын болса, мұндай ақпаратты екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кірістер органдарына жібереді.