Берешек және банкроттық

Инструкция

1. Жеке кәсіпкер қайтыс болған кезде оның қарыздары қалай жабылады?

Жауабы: Қайтыс болған жеке тұлғаның қайтыс болған күні немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күні қалыптасқан салық берешегін, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және ол қабылданған күнгі мұрадағы үлеске барабар өтейді.

Егер қайтыс болған дара кәсіпкердің мұрагері жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, онда мұра қалдырушының салық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме салық берешегін өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі негізінде ғана осындай мұрагерге жүктеледі.

Салық органы жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесін растайтын құжат және салық органында тіркеу есебі және қайтыс болған күнге арналған салық берешегі туралы деректер негізінде сотқа салық берешегін өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінеді.

Салық берешегін өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан кезде мұра қалдырушының салық берешегі салық берешегін есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.

Салық берешегін есептен шығару туралы шешімді салық органы салық берешегін өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.

2. Соттан тыс банкроттық дегеніміз не, шарттары қандай және ол кімге қатысты?

Жауабы: Азаматтың банктерге, микроқаржы ұйымдарына немесе коллекторлық агенттіктерге берешегі болса, олар келесі шарттар орындалған жағдайда соттан тыс банкроттық туралы өтініш бере алады:

1) берешек сомасы 1600 ең төменгі айлық есептік көрсеткіштен (2026 жылы 6 920 000 теңге) аспаса;

2) борышкердің мүлкі болмаған;

3) қарыз 12 ай бойы өтелмеген;

4) банкпен берешек бойынша есеп айырысу аяқталған;

5) 7 жыл ішінде соттан тыс немесе сот тәртібімен банкроттық рәсімдері қолданылмаған.

Дата обновления - 25.06.2026
Справочная информация
9