1. 2026 жылы бейрезидент-жеке тұлғаға төленетін дивидендтерге салық салу тәртібін түсіндіруді сұраймын үлесі 60% және бейрезидент-заңды тұлғаға капитал үлесі 40%?
Жауабы: Заңды тұлғаның жарғылық капиталында 25% және одан көп мөлшерде үлесі бар бейрезидент-жеке тұлғаға дивидендтер төлеу:
1) 230 000 АЕК-тен аспайтын табыс сомасы кезінде 5 % мөлшерінде жеке табыс салығының мөлшерлемесі қолданылады;
2) 230 000 АЕК асатын табыс сомасы кезінде мынадай құрамдастырылған мөлшерлеме қолданылады: 5% – 230 000 АЕК шегіндегі табысқа және 15% - асып кету сомасына.
Заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаға дивидендтер төлеу:
корпоративтік табыс салығының 15% мөлшерлемесі қолданылады.