1. Мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС бойынша қандай салықтық жеңілдіктер қарастырылған?
Жауабы: Бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 5 000 еселенген АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық шегерімі көзделгеніне назар аударамыз.
Мүгедектігі бар адамдардың қалған санаттары үшін (үшінші топтағы мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар бала, мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі – он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар әрбір осындай бала үшін, "мүгедектігі бар адам" себебі бойынша мүгедектігі бар адам деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі бала кезінен") күнтізбелік жылға айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері (2026 жылы 3 814 650 теңге) шегінде салық шегерімі сақталды.
2. Мен 2 топтағы мүгедекпін, ДК ретінде тіркедім, ДК бойынша салық төлемесем болады ма, маған жеңілдік бар ма?
Жауабы: Мүгедектерді кәсіпкерлік қызмет бойынша салық төлеуден босату таңдалған салық салу режиміне байланысты, мысалы, егер дара кәсіпкер салық салудың оңайлатылған режимі бойынша жұмыс істесе, онда салықтан босату көзделмейді, егер ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істесе- дербес салық салуға жататын жеке табыс салығы бойынша 1,2 топ үшін 5000 еселенген АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар (СК 411-бабының 2-тармағы).